Бухарские олени

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Түркістан филиалында күтім жасалып жатқан Бұхар бұғыларының мәліметі

2019

 

Тұқымбақтың ішкі бөлігінде және қоршаудың сыртқы бөлігіндегі бұғылардың табиғи ортаға бейімделіп мекендеуі бейнебақылау және фотофиксаторлар арқылы тұрақты бақыланып отырады

2017 жылы күтім жасалып жатқан бұхар бұғыларының саны 126 басқа жетіп отыр.

Бұхар бұғыларының қозғалысы төмендегі кестеде

Туған жылы

Ішкі қоршау (Вольер)

Еркіндікке жіберілгені

Алынған

төлдер

Барлығы

Аналық

бас

Аталық

бас

Жас

төлдер

Аналық

бас

Аталық

бас

Жас төлдер

2008 ж.

8

9

-

11

1

-

 

29

2009 ж.

1

3

-

-

1

-

5

34

2010 ж.

1

4

-

-

1

-

6

40

2011 ж.

-

-

-

1

5

-

6

46

2012 ж.

2

2

-

1

3

-

8

54

2013ж.

1

5

-

3

2

-

11

65

2014ж.

2

4

-

4

6

-

16

81

2015 ж.

-

-

12

-

-

10

22

103

2016ж

 

 

9

 

 

14

23

126

Жиын-тығы:

15

27

21

20

19

24

Х

126

Бұхар бұғыларының бас санының түгелділігі мен олардың жем-шөбінің уақытылы берілуін Түркістан филиалының басшысы мен мамандар тарапынан тұрақты қатаң қадағалануда. Өсіп-өнуіне бақылау жасау мақсатында, бұғылардың тіршілігі фотофиксаторлар арқылы суреттерге түсірілуде

Ішкі қоршаудағы бұхар бұғыларының жай күйі

2016 жылдың

Сыртқы қоршаудағы бұхар бұғыларының жай күйі

2016 жылдың ақпан айы

Бұқар бұғыларының саны көбеюде.

қараша айы 2015 жыл.

Биыл бұқар бұғыларының тұқымбақтағы саны 103 басқа жетті. Оның ішінде 22 басы биылғы төлдер. Жас төлдерді бақылау мақсатында фотофиксаторлар мен бейне бақылаулар орнатылған.

Бұл жануар  қазіргі таңда Қазақстанның және Халықаралық  табиғат қорғау одағының Қызыл кітаптарына еніп, қорғауға алынды. Оның биологиялық ерекшеліктері – аналықтарында мүйізі болмайды. Аталықтарында бес бұтақты мүйіз болады. Мүйізі жылма жыл түсіп ауысып отырады. Күйге түсу тамыздың аяғынан қазаның басына дейін өтеді. Мамыр маусым айында бұзаулайды. Жиі жалқы, өте сирек егіз бұзау туылады.

Бас мекеме басшылары мен мамандар тарапынан жыл бойы әр мезгілде тұқымбаққа барып, бұқар бұғысының өсіп даму барысымен танысып, бақылап тұрады.

Және де журналистер тарапынан көп қызығушылық туып жатады.

 

Бұхар бұғыларының 2015 жылғы төлдері
     Түркістан филиалы Қызылшаруа орманшылығының аумағында орналасқан «Бұхар бұғылары тұқымбағында» бұғылар төлдеп көбеюде. Бұғылардың бұзауларын филиалдың бұғышысы, көмекшілері мен мал дәрігерлері бұзауларының күй-қоңын бақылап отырады, сонымен қоса олардың күнделікті тіршілігін,  күй-жайын, төлдерін бақылау және де фото жинақ жасау  мақсатында жаңадан 2 фотофиксатор, 3 бейне бақылау орнатылған.

image1

Бүгінгі таңға бұғылардың саны 95 басқа жетті, оның 14 басы биылғы төлдер.

image1 image1 image1 image1 image1 image1 image1

БҰХАР БҰҒЫЛАРЫ

Бұхар бұғылары (Бухарские олени-Cervus elaphus bactrianus Lyddekker)- Орталық Азия эндемигі. Өткен дәуірде Амудария мен Сырдария бойындағы тоғайларда және Қызылқұмда таралған. ХХ-ғасырдың орта кезінде Қазақстанда Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы тоғайларда мекендеген. Бұл жерден соңғы бұғы 1956 жылы ауланып жойылған.

Бүкіл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен және Алматы, Мәскеу қалаларындағы зоология ғалымдарының ұйғарымымен,

Қазақстанда алғаш рет Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің Қызылшаруа орманшылығы Сырдария өзенінің жағасындағы, мемлекеттік орман қоры жерлерінде «Бұхар бұғылары тұқымбағы» 2000 жылы құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев киелі Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына, осы киелі Түркістан жерін, тау орман-тоғайын сұлуландырып, жануарлар әлеміне ерекше гүлдендірер сипат әсем түр-келбет беретін,

«Сыр сұлуы кермаралды» Бұхар бұғыларын көбейтіп, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 8 (сегіз) бас Бұхар бұғысын сыйға тартқан болатын.

Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің табиғат қорғау министірлері және басқа да Халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының бас қосуымен қол қойған Мемарандумы негізінде.

Сырдария бойы, Түркістан өңірінде, Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Қызылшаруа орманшылығы №22 орамында Бұхар бұғысын өсіруге, бұрынғы ортасын қалпына келтіру мақсатында, 22 га жер аумағына тұқымбақ орналастырылған.

Аталған нысан Қызылшаруа елді мекенінен-12 км, Түркістан қаласынан-32 км, Облыс орталығы Шымкент қаласынан-205км қашықтықта орналасқан.

Облыс орталығынан Қызылшаруа елді мекеніне дейінгі жол – асфальтталған. Қызылшаруадан Тұқымбаққа дейінгі жол- дала жолы. Тұқымбақ Сырдария өзенінің бойындағы, мемлекеттік орман қоры жерінің Бұғы түбек учаскесінде орналасқан. Рельефі жер қыртысының орналасуы Батыс және Оңт. Батыс бағытына қарай еңіс болып келеді.

2010 жылдар бұқар бұғыларының саны 40 басқа жетті.

Бұхар бұғыларының еркін мекендеуіне жағдай жасап Сырдария өзенінің жанынан 323 га түбек, алды 1,5 км , биіктігі 3 м тормен қайта қоршалған.

Қоршау (Вольер) аумағы 2010 жылы 20 га-ға ұлғайту жұмыстары жүргізілген. Бұхар бұғылары тұқымбағы бір жағы темір тормен, қалған жағы табиғи Сырдария өзенімен қоршалған бұғы түбекте орналасқан.

Бұхар бұғыларын күтіп баптау жұмыстарын мекеменің штаттық кестесіне сәйкес 4 штаттық бірлік, олар 1 бұғышы, 2 бұғышы көмекшісі, 1 мал дәрігері жұмыс атқарады.

2011 жылы Бұхар бұғылары тұқымбағының жанына қызметтік тұрғын үй салынып бұғышыларға пайдалануға берілген.

2011 жылы бұхар бұғысынан 6 төл алынып, саны 46 басқа жетті. 4 басы ішкі қоршауда, 2 бас төлі еркіндікке жіберілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ бойынша бұхар бұғыларына қатысты 2012 жылы 5 қызметкер жұмысқа алынды.

2012 жылы бұхар бұғысы 54 басқа жетті. Оның 4 басы ішкі қоршауда, ал 4 басы еркіндікке жіберілді.

2013 жылы бұқар бұғыларының саны 65-ке жетті. Оның 6 басы ішкі қоршауда, ал 5 бас бұқар бұғысы еркідікке жіберілді.

Сыртқы қоршауда жүрген бұхар бұғыларының көрінісі

2014 жылдың бас кезі, яғни қыз мезгіліндегі бұхар бұғысының көрінісі.

Сыртқы қоршаудағы бұқар бұғыларының түнгі түсірілімі.

2014 жыл көктем мезгілі

2012 жылы Бұхар бұғылары тұқымбағы аумағын күзетуге және бұхар бұғыларын бақылауға, санын бақылап отыруға «бейнебақылау» орнату жұмыстарын мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы арқылы жүргізіліп орнатылған.

2014 жыл күтім жасалып жатқан бұхар бұғыларынан 16 бас жас төлдер кіріске алынып, бұқар бұғыларының саны артып, 81 басқа жетті. Оның 6 бас төлі кіші қоршаудан, ал 10 бас төлі еркіндікке жіберілген бұғылардан алынып отыр. Бұл мәліметтер бұқар бұғыларының басы жылма жыл өсіп келе жатқанын байқатады.

Бұхар бұғыларының бас санының түгелділігі мен олардың жем-шөбінің уақытылы берілуін Түркістан филиалының басшысы мен мамандар тарапынан тұрақты қатаң қадағалануда.

Бұқар бұғылары төлдеп көбеюде.

Сонымен қатар бас мекеменің «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің мамандары тарапынан да бұғылардың өсіп-өнуіне, көбеюіне ықпал жасалып, оларды қорғауға іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Өсіп-өнуіне бақылау жасау мақсатында, бұғылардың тіршілігі фотофиксаторлар арқылы суреттерге түсіріліп, альбом жасау үшін материалдар жинақталуда.

Сіздерді Сыр сұлуы Кері маралдың тыныс тіршілігімен жақыннан танысуға шақырамыз!