Мекеме филиалдары

Сырдария филиалы
Филиал аумағы – 59 901 га, Сырдария өзенінің екі жағалауы мен Арыс өзенінің төменгі ағысы кіреді. Солтүстік шекерасы Сырдария өзеніндегі Көксарай көпірімен шектессе, оңтүстік бөлігі Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі  мемлекеттік мекемесінің  жеріне дейін созылып  жатыр. Сырдария өзенінің  140  км, Арыс өзеніннің 60 км кіреді. Сырдария филиалында, Сырдария өзенінің  бойында Қазақстанның  Қызыл   кітабына енген әсем, жақсы сақталған Тораңғыл ормандары кездеседі.

 

 

 

Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор
Досжанов Икрамхан 1962 жылы  1 қаңтарда Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1978 жылы Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітірген.
1978-1979 жылдар аралығында жұмысшы болып жұмыс атқарған.
1979-1983 жылдары  Жамбыл қаласындағы тамақ және жеңіл өнеркәсіп институтында «Есеп-қисап» факультетінің «бухгалтерлік есеп және экономист» мамандығы бойынша білім алған.
2002-2003 жылдары Ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы мамандығын бітірген.
1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында болған.
1985 – 1988 жылдары  Арыс қаласындағы Задарья совхозында жұмысшы болған.
1988-1990 жылдары Арыс қаласындағы электр сетте бухгалтер қызметін атқарған.
1990 – 1991 жылдар аралығында Арыс орман шаруашылығының бас есепшісі болып қызмет атқарған.
1994 – 1999 жыл аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі қызметінде болған.
1999 – 2003 жыл  аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарған.
2003 – 2010 жылдары ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы, инспектор болып қызмет атқарған.
2010 жылдан бастап аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде директор қызметінде болған.
2013 жылдан «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи сабағы» КММ – нің Сырдария филиалында директордың міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқаруда.
Жанұялы, жолдасы Қоңырбаева Кенже Жарасбайқызы, 1964 жылы 3 тамызда Ташкент облысы, Алмалық қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді, Ташкент орыс әдебиеті институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы орта мектепте шәкірттерге орыс тілі пәнінен сабақ береді. Екеуі 2 ұл 4 қыз тәрбиелеуде. Екі қызы медицина саласында жоғары білім алуда. Қалған ұлдары  және қыздары мектеп қабырғасында.

 

Филиал директорының орынбасары – бас орманшы –
мемлекеттік инспектор

Мұсабеков Ерсінбек Адамбекұлы 1957 жылы 1 қараша күні Бөген ауданына қарасты Қараспан ауылдық округінің  Жамбыл бөлімшесінде дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебін бітірді. Сол жылы осы аталған бөлімшеге қарапайым жұмысшы ретінде жұмысқа қабылданған.

1976 жылы мамыр айында Тула қаласында әскер қатарына қабылданған. 1978 жылы маусым айында сержант атағын алып ауылға оралған.

Негізгі мамандығы жүргізуші болғандықтан сол салада 10 жылдай жұмыс істеген.

1988-1990 жылдары Алматы қаласындағы сауда техникумын оқып, 1990 жылы диплом алған.

1990-2002 жылдар аралығында  Арыс қаласында әртүрлі салада қызмет жасаған.

2004-2007 жылдары Шымкент қаласында Аграрлық колледжде «Орман шаруашылығын ұйымдастыру» бөлімін бітірген.

2002 жылы Арыс орман және жануарлар дүниесін қорғау  мекемесіне аңшылық инженері болып жұмысқа орналасқан.

2014 жылдың желтоқсан айынан айынан бастап «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» Сырдария филиалында директор орынбасары болып қызмет атқарып келеді.



Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.

Сырдария өзенінің бойы, Тораңғыл ормандарының көрінісі.

Тұқымбақтағы жұмыстар



Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде Арыс қалалық №7 өртін сөндіру бөлімі маманының қатысуымен өткізілген тактикалық оқу жаттығулар

 



Түркістан филиалы
Түркістан филиалының аумағы – 23 822 гектарды алып жатыр. Филиал аумағына Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батыс бөлігіндегі Сырдария өзені бойындағы шөлді аймақтар кіреді. Филиал аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа дейін 75 км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде Қызылорда облысымен шектессе, ал оңтүстік бөлігі Сырдария өзеніндегі Көксарай көпіріне дейінгі аймақты алып жатыр. Түркістан филиалының тұқымбағында  Бұхар бұғылары өсірілуде.

 

Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор

Берденов Нысанбек Құдретуллаұлы 1959 жылы  наурыз айының 20 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары 1975-1980 жылдар аралығында Алматы қаласы Еңбек Қызылту орденді қазақ ауылшаруашылығы  институтының орман шаруашылығы факультетінің толық курсын бітіріп – орман шаруашылығы инженер мамандығын алған.

Еңбек жолы 1980 жылы Түркістан орман шаруашылығында  аға орманшы көмекшісі қызметінен бастаған.

1982-1989 жылдарда Шымкент облыстық орман шаруашылығы  басқармасында аға инженер, басқарманың аға экономисті  және бас инженер қызметтерін абыроймен атқарған.

1989-1991 жылдары Шымкент облыстық  орман шаруашылығы бірлестігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне сайланған.

1991-2000 жылдар аралығында Бадам орман шаруашылығы мекемесінің  директоры, Шымкент орман шаруашылығы өндірістік мекемесінің  директоры орынбасары, бадам орман шаруашылығы өндірістік  бас мекемесінің директоры, Түркістан орман шаруашылығы мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылы «Сырдария-Түркстан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»   КММ-нің Түркістан филиалында Балтакөл орманшылығының орманшысы болды.

Қазіргі таңда 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан филиалының директоры  болып қызмет атқарып келеді.

 

 

Филиал директорының орынбасары – бас орманшы –
мемлекеттік инспектор

Айтымбетов Мұрат Сұлтанбайұлы 1984 жылы 11 сәуірде ОҚО, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002-2007 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ның экология мамандығын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде «орман молайту инженері» қызметкері болып бастаған. 2009 жылы сол мекемеде директордың орынбасары қызметіне ауысқан. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиаланың директор орынбасары қызметіне

тағайындалған.

 

 


Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.

 


Үгіт – насихат жұмыстары жүргізілуде

Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде өрт сөндіру машиналарын тексеру жұмыстары

Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар

 

Сырдария өзені бойындағы моторлы қайық

 

 

 

 

Боралдай филиалы
Боралдай филиалы – 36 255 гектарды қамтып жатыр. Бәйдібек ауданы Боралдайтау жотасында солтүстік бөлігінде орналасқан. Флорасы мен фаунасы өте бай. Сүтқоректілердің ішінен ең қызықтысы Қаратау архары мекен етеді. Боралдай филиалының аумағында 83 тұқымдастарға енетін 600-ге жуық жоғарғы түтікті өсімдіктер түрлері  кездеседі. Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оларға: Грейг қызғалдағы (эндемик), Корольков шаяноты, Регель тарбақайы (эндемик),  Пісте ағашы, Северцов әсиясы, Леман күшаласы, Колпаковский иридодиктиумы, Сиверс алмасы және т.б. Филиал аумағында сүтқоректілердің 46 түрі кезедесді. кемірушілер отряды-16, қолқанаттылар-14, жыртқыштар-10, жұптұяқтылар-3, жәндікқоректілер-2, қоянтәріздестер-1 түрі кездеседі.Сүтқоректілердің  5 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген.

  

image012Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор

Аманқұлов Нұрғали Нұртайұлы 1965 жылы 25 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумына түсіп, 1988 жылы есепші мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2005 – 2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжінің орман шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Шымкент шифер зауытында машинист болып бастаған. 1986 – 1911 жылдар аралығында леонтевка бөлімшесінде бухгалтер, 1991 – 1997 жылдар аралығында Боралдай орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде бас бухгалтер, 1997 – 2009 жылдар аралығында осы мекеменің директор орынбасары, 2009 – 2012 жылдар аралығында осы мекемеде орман молайту инженері қызметтерін атқарған.  2013 жылдың қаңтар айынан бастап Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының Боралдай филиалында орман шебері қызметін атқарады. 

2010 – 2015 жылдар аралығында "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" МӨТП-нің орман молайту және орман қорғау инженері қызметін атқарған.

2015 жылдың 20-сәуір айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директор орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Жанұялы. Жолдасы, 4 қызы және 1 ұлы бар.

 

image012Филиал директорының орынбасары - мемлекеттік инспектор

Қыдыралиев Дүйсенбек Мыңжасарұлы 1957 жылдың 20 желтоқсанында Бәйдібек ауданы Михайловка селосында дүниеге келген.

1976-1978 жылдары Ванновка гидромелиоративтік техникумында техник-механик мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолдарын 1979 жылы «Ачполиметалл» комбинатында 4 разрядты трактор жүргізушісі болып бастаған.

1979 – 1980 жылдары аралығында әскер қатарында болған

1981 – 1995 жылдары «Ачполиметалл» комбинатында 3 разрядты механик, өрт күзетшісі, механик, аға механик қызметтерін атқарған.

1998 жылы Боралдай орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне тұқымбақ қарауылы қызметіне қабылданды. 2001 жылы орман күтуші – қорықшы қызметіне ауыстырылды.

2013 – 2016 жылдары аралығында Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында аң қорғау қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директор орынбасары қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.

 

 

 

 

Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.

Тұқымбақтағы жұмыстар



Филиал аумағындағы тақтайшаларды жаңарту жұмыстары

 



Боралдай филиалының тауларында өсіп тұрған қызғалдақтар


Айналымның мемлекеттік инспекторлары құстарға ұя дайындауда.

Өрт қауіпті маусымында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Филиал аумағында арнайы темекі шегетін орындар дайындалуда.

Мектеп қабырғаларындағы «Табиғатты қорғау» туралы лекциялар.

Жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихаттар жүргізілуде.

Бекеттерді жөндеу, әрлеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

 

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту