Парк әкімшілігі

Мошқалов Бейбіт МырзабайұлыМошқалов Бейбіт Мырзабайұлы

1970 жылдың 6 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1991 жылы топырақ зерттеуші аграномия факультетін бітірген. 1997 жылы Көкшетау қаласындағы, Көкшетау университетіне орман шаруашылығы ісі мамандығын бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1993 жылы Шардара орман шаруашылығында орман саласындағы көшеттер өсіру орман тұқымбағында орман шебері қызметінен бастап, аға орманшы, орман қорғау инженері қызметін атқарған.

2003-2005 жылдары ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясында бас маман, 2005-2008 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемесінде директор, 2008-2010 жылдары Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде директор, 2010-2013 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемесінде директор қызметін атқарған.

2013 жылдың сәуір айынан бастап Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағында бас директор қызметін атқаруда.

Бірнеше рет аудан әкімдігі, облыстық басқармадан алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталған.

 


 

Аскаров Мубәшірхан Әбдірәшұлы

Аскаров Мубәшірхан Әбдірәшұлы

1959 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асық ата кентінде дүниеге келген.
1975 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ Химия-технологиялық институтына түсіп, 1980 жылы осы аталған институтта «инженер құрылысшы» мамандығы бойынша, 2006-2009 жылдары Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжінің «орман шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 1981 жылы Киров аудандық райпетробсоюз құрылыс бригадасының аға құрылысшы қызметінен бастаған. 1983-1991 жылдары Киров аудандық РПС, құрылыс дүкенінің қойма меңгерушісі, құрылыс учаскесінде бригадир, РПС бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1991-1993 жылдары «Атамұра» кіші кәсіпорын директоры, 1993-1995 жылдары Киров РПС директордың орынбасары, 2003-2005 жылдары «Ынтымақ» ААҚ-да есепші, 2005-2013 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде аға орманшы қызметін атқарған.
2013 жылдың маусым айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде бас директордың орынбасары қызметін атқаруда.

 


 

Баймұратов Бекназар Алдашұлы

Баймұратов Бекназар Алдашұлы

1959 жылы 10 мамырда Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Темір совхозында, қазіргі Отырар ауданында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтына 1976 жылы түсіп, 1981 жылы осы аталған институттың «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Орман шаруашылығының инженері» деген квалификация берілген.

Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен еңбек жолын 1981 жылдың тамыз айынан бастап Созақ механикаландырылған орман шаруашылығында орман шаруашылығы инженері, 1981 жылдың желтоқсанда Шымкент облыстық орман басқармасында орман шаруашылығы инженері, ауданаралық орман патолог-аға инженері, орман қорғау аға инженері, ал 1988 жылдың қазан айынан Шымкент орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінде І-ші дәрежелі инженер, жетекші инженер-инспекторы, аға орманшы қызметін атқарған. 1998 жылдың қаңтарында ОҚО орман және аңшылық шаруашылығының бас инженері міндетін атқарушысы, орманды қорғау инженері, ОҚО орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасының жетекші маман, ОҚО орман және биоресурстар аумақтық басқармасының бас маманы, 2002 жылдың желтоқсан айынан ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы, 2006-2009 жылдары ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау, дамыту және пайдалану» бөлімінің бас маманы, 2009-2011 жылдары «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылымы зерттеу институты» ЖШС-нің «Жеміс, жүзім шаруашылығы және дендрология» бөліміне аға ғылыми қызметкері, 2011-2013 жылдары «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ның «Орман шаруашылығын ұйымдастырушы» мамандығына оқытушы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

 


 

dzhumagulova

Джумағұлова Насихат Нұрмаханқызы

1985 жылы 9 қазанда, Бәйдібек ауданы, Леонтьевка селосында өмірге келген. 1992 жылы ОҚО Қазығұрт ауданындағы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің оқушысы болған. 2004 ж Шымкент қаласындағы №2 А. Бөкейханов атындағы орта мектепті бітірген.2004 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ –ға «Туризм және Сервис» кафедрасының 1- курс студенті болған. 2007 жылы аталған оқу орнының, халықаралық туризм менеджері мамандығын алып, оқуды бітірген.
2009 – 2011 жж «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында»
гид-экскурсовод болып, 2011-2013 жж аралығында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің инженері, бастауыш кәсіподақтар ұйымының төрайымы болып қызмет атқарған.

Қазіргі уақытта мекеменің «Туризм рекреация және экоағарту» бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.

 


 

tolemis

Жарылқапов Исабек

ОҚО, Арыс ауданында 1957 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 1975 жылы Дермене совхозындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепті бітірген, 1975-1976 жылдары бір жыл Арыс орман шаруашылығында жұмысшы болып жұмыс атқарған.

Білімі жоғары. 1976 – 1981 жылдар аралығында Қазақтың ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін орман шарушылығы мамандығы бойынша оқып бітірген.

1981-1984 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Мойынқұм орман шаруашылығында  аға орманшы болып жұмыс атқарған.   

1984 жылдан Арыс орман шаруашылығында цех бастығы, аға орманшының көмекшісі, агроном-плодовод, инженер механик, әр түрлі мамандықтар бойынша қызмет атқарған.

1991 жылдан Арыс орман шаруашылығының бас орманшысы, Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор орынбасары қызметтерін атқарған.

2006 -2007 жылдары Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінде болған.

2008 жылдан Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор орынбасары, 2013 жылдан «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Сырдария филиалының директор орынбасары қызметін атқарып келді. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, облыс әкімдігінің, басқарманың құрмет грамоталарымен, ОҚО кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.     

2015 – 2016 жылдар аралығында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Сырдария филиалының орман қорғау инженері қызметін атқарып келді.

Қазіргі таңда 2017 жылы ақпан айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің «ғылым, ақпарат және мониторинг» бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.

Жанұялы, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеген.

 


 

image006

Ахметов Айдос Бектасұлы 1980 жылдың 4 қыркүйегінде Шымкент қаласында дүниеге келген.1997 жылы 11 жылдық мектепті аталған қалада бітірген.

Сол жылы ХҚТУ-не жоғарғы оқу орнына түсіп, 2001 жылы бітірген.

2002 жылы әскер қатарына шақырылып, 2003 жылы борышын өтеп келген.

2003 жылы Прораб и К ЖШС-не жүргізуші болып жұмысқа орналасты.

2006 жылы Сайрам-Өгем МҰТП-інде маман болып жұмыс істеген.

2006-2011 жылдар аралығында ҰҚК-де жұмыс істеген.

2015 жылы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде бас маман болды.

Қазіргі таңда 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өңірлік табиғи парктің ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.

 


 

image007

Қырықбаев Азиз Бекбердіұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында 26.06.1986 жылы дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1992-2003 ж.ж. ОҚО Бәйдібек ауданындағы «Борлысай» орта мектебін бітірдім. 2003-2008 жылдар аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінде «География оқытушысы» және «туризм өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша білім алған.Оқу жылдары барысында әртүрлі көпкүндік жорықтарға (Алматы-Есік, Алматы-Ыстықкөл, Алматы-Көлсай) қатысқан.
12-22.05.2012 ж.ж. аралығында ОҚО табиғи ресурстар және табиғиат пайдалануды реттеу басқармасының «орман және жануарлар әлемін қорғау дамыту және пайдалану» бөлімінде өндірістік тәжірибеден өткен.
22.05.2012-10.06.2013 ж.ж. аралығында Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде (қазіргі «Сырдария-Түркістан МӨТС» КММ-ң ТҮркістан филиалы) аға орманшы көмекшісі.
11.06.2013-12.11.2013 ж.ж. «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің «Туризм және экоағарту» бөлімінде «туризм және экскурция бойынша менеджері».

Қазіргі таңда «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімінің бастығы қызметін атқаруда

 


 

oserov

Досжанов Икрамхан

1962 жылы 1 қаңтарда Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1978 жылы Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітірген.
1978-1979 жылдар аралығында жұмысшы болып жұмыс атқарған.
1979-1983 жылдары Жамбыл қаласындағы тамақ және жеңіл өнеркәсіп институтында «Есеп-қисап» факультетінің «бухгалтерлік есеп және экономист» мамандығы бойынша білім алған.
2002-2003 жылдары Ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы мамандығын бітірген.
1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында болған.
1985 – 1988 жылдары Арыс қаласындағы Задарья совхозында жұмысшы болған.
1988-1990 жылдары Арыс қаласындағы электр сетте бухгалтер қызметін атқарған.
1990 – 1991 жылдар аралығында Арыс орман шаруашылығының бас есепшісі болып қызмет атқарған.
1994 – 1999 жыл аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі қызметінде болған.
1999 – 2003 жыл аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарған.
2003 – 2010 жылдары ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы, инспектор болып қызмет атқарған.
2010 жылдан бастап аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде директор қызметінде болған.

2013 жылдан «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ – нің Сырдария филиалында директор болып қызмет атқаруда.

 


 

image009

Берденов Нысанбек Құдретуллаұлы

1959 жылы наурыз айының 20 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары 1975-1980 жылдар аралығында Алматы қаласы Еңбек Қызылту орденді қазақ ауылшаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетінің толық курсын бітіріп – орман шаруашылығы инженер мамандығын алған.

Еңбек жолы 1980 жылы Түркістан орман шаруашылығында аға орманшы көмекшісі қызметінен бастаған.

1982-1989 жылдарда Шымкент облыстық орман шаруашылығы басқармасында аға инженер, басқарманың аға экономисті және бас инженер қызметтерін абыроймен атқарған.

1989-1991 жылдары Шымкент облыстық орман шаруашылығы бірлестігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне сайланған.

1991-2000 жылдар аралығында Бадам орман шаруашылығы мекемесінің директоры, Шымкент орман шаруашылығы өндірістік мекемесінің директоры орынбасары, бадам орман шаруашылығы өндірістік бас мекемесінің директоры, Түркістан орман шаруашылығы мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылы «Сырдария-Түркстан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің Түркістан филиалында Балтакөл орманшылығының орманшысы болды.

Қазіргі таңда 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан филиалының директоры болып қызмет атқарып келеді.

 


 

Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор

Аманқұлов Нұрғали Нұртайұлы 1965 жылы 25 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумына түсіп, 1988 жылы есепші мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2005 – 2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжінің орман шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Шымкент шифер зауытында машинист болып бастаған. 1986 – 1911 жылдар аралығында леонтевка бөлімшесінде бухгалтер, 1991 – 1997 жылдар аралығында Боралдай орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде бас бухгалтер, 1997 – 2009 жылдар аралығында осы мекеменің директор орынбасары, 2009 – 2012 жылдар аралығында осы мекемеде орман молайту инженері қызметтерін атқарған.  2013 жылдың қаңтар айынан бастап Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының Боралдай филиалында орман шебері қызметін атқарады. 

2010 – 2015 жылдар аралығында "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" МӨТП-нің орман молайту және орман қорғау инженері қызметін атқарған.

2015 жылдың 20-сәуір айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директор орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Жанұялы. Жолдасы, 4 қызы және 1 ұлы бар.

 


 

Айтбаева Гүлбара Әбдіқайымқызы

1968 жылы 6 қаңтарда Сарыағаш ауданы Абай елді мекені 1-май ауылында дүниеге келген. С. Сейфулин атындағы орта мектепті үздік аяқтап, сол жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетіне түсіп, 1990 жылы орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетін сырттай оқып бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент өндірістік орман шаруашылығы бірлестігіне қарасты Өгем орман шаруашылығында орманшы-қорықшы болып бастаған.

1991 жылы осы мекеменің экономисі қызметіне ауысып, ол қызметті  2000 жылға дейін атқарған.

2000-2001 жылдары «Оңтүстік орманы» РМК мекемесінде бас есепші қызметін, 2001-2004 жылдары Қазығұрт ауданы әкімшілігі аппаратында және сол аудандағы «Қазығұрт теледидары» мемлекеттік мекемесінде есепші, бас есепші қызметінде жұмыс істеген.

2005 жылы Өгем орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде бас есепші қызметін, 2006 жылы сол мекеме Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалы болып  қайта құрылуына байланысты филиалдағы есепші қызметіне ауысқан.

2013 жылдың маусым айынан «Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржы бөлімінің бастығы – бас есепші қызметіне тағайындалып еңбек етуде.

Қажырлы еңбегі үшін өірлік парк басшылығынан және облыстық кәсіподақ комитетінің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

 


 

Коржумбаева Дүйсенкүл Пермашқызы

1967 жылы 23 қазан айында Түркістан қаласында дүниеге келген.

1974 жылы Қ.Сәтбаев атындағы №12 орта мектепке барып, 1984 жылы 10 класты бітірген.

1984 – 1986 жж. Алматы қаласындағы Алматы советтік сауда техникумында оқып бітірген.

1986 – 1995 жылдар аралығында «60 лет Казахстана» кәсіподақ комитетінде есепші болып қызмет атқарған.

1995 жылдан 1999 жыл аралығында Аудандық ардагерлер кеңесінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған.

1999 жылдың қаңтар айынан «Шардара қала әкімі аппаратында» аға маман қызметіне,ал  2005 жылдың наурыз айынан бастап бас маман лауазымына ауысқан.

2006 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айының соңына дейін «Қазпошта» мекемесінде экономист болып жұмыс атқарған.

2009 жылдың ақпанынан 15 желтоқсанына дейін Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуші болып, 15 желтоқсаннан экономист болып ауысқан.

2011 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың маусым айына дейін кадр жөніндегі инспекторы болып ауысып, жұмыс атқарған.

2013 жылдың маусым айынан «Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр жөніндегі инспекторы қызметіне тағайындалып еңбек етуде.

 


 

Наримбетова Ләззат Қошқарбайқызы

1977 жылы 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.

1984-1994 жж. Шардара қаласында, М.Горький атындағы жалпы орта мектебін оқып бітірген.

1994-1997 жылдары Алматы қаласында «Алматы байланыс колледжінде» білім алып - техник-экономист мамандығын алып шыққан.

2003 жылы Алматы қаласындағы «М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясында» оқуға түсіп, 2005 жылы аталған жоғарғы оқу орнының – экономист мамандығын алып, оқуды бітірген.

1997-2007 жылдары аралығында Алматы қаласының «Қазақ ұлттық гимназиясында»  бухгалтер-кассир болып қызмет атқарған.

2007-2009 жылдары Алматы қаласында ЖК «MLD-GUL» типографиясында бухгалтер-кассир болып жұмыс атқарған.

2011-2013 жылдары Шардара қаласында, «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» экономист қызметінде болған.

2014 жылдың наурыз айынан «Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – мемлекеттік сатып алумаманы болып қызмет атқаруда.

 


 

Киикова Айжан Амантайқызы

1986 жылы 3 тамызда Ақмола облысы, Степняк қаласында дүниеге келген.

1993-2004 жж. Қарағанды облысы, Сарань қаласында №3 орта мектебін оқып бітірген.

2004 жылы Қарағанды қаласында «Болашақ университетінде» - п сихолог, «Сарань гуманитарлық – техникалық колледжінде»  – бастауыш мектеп мұғалімі, Шымкент қаласында «Халықтар достығы университетінде» - қаржы мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім алған.

2005 жылы тұрмыс құрып, 2008-2011 жж. «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» - завхоз болып жұмыс жасаған.

2011-2012 жж. «ТОО ЛП ГАЗ» - бухгалтер қызметінде болған.

2012 жылы «Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» - бас есепші қызметінде болған.

2013-2014 жж. «ИП Пернебаев» - бухгалтер қызметінде болған.

2014-2015 жж.  «Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» -  есепші қызметінде болған.

2016 жылдан бастап «Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – есепші болып қызмет атқаруда.

 


 

Оңғаров Ерсұлтан Бақытұлы

1993 жылы 16 тамызда Оңтүстік Қазақстан Облысы Бәйдібек ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген. Сол ауылда 2000 -2011 жылдар аралығында  Комсомол жалпы орта мектебін бітірген.

2011 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне Механик және Мұнай –газ ісі факультетінің Технологиялық машина жабдықтар мамандығына түсіп , 2015 жылы сол мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алған.

2015 жылы 26 қазан айынан бастап «Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері қызметін атқарып келед.

 


 

Искаков Сәкен Думанович

1988 жылы 27 қарашада Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1995-2002 жылдар аралығында Қ. Сыпатаев атындағы № 7 механикалық лицей мектебінде оқыған.2002-2006 жылдары №69 дарынды балалардың құқықтық және экономикалық мектебін бітірген.

2006-2010 жылдары А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде  Заңгер мамандығын  меңгерген.

2014-2015 жылы «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің орман молайту инженері болып қызмет атқарған.

2014-2015 жылдары « Сырдария –Түркістан МӨТП» КММ-нің ЕҚТА және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бас маманы.

2015-2016 жылдары «Сырдария- Түркістан МӨТП» КММ-нің орман қорғау инженері .

2016 жылы « Сырдария –Түркістан МӨТП» КММ-нің кеңесші (заңгер) маманы.

 


 

Орман және өсімдіктер дүниесін молайту мен қорғау бөлімінің негізгі міндеттері:

· ормандағы өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде байқап, жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

· мемлекеттік орман қоры аумағындағы барлық жұмыс істейтін әрі сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелерді сақтауын қамтамасыз ету;

· орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және ҚР орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерін күзету;

· орман пайдаланушылардың сүректі түбірімен босату ережелерін және орман пайдаланудың басқа да түрлері ережелерін орындауын қамтамасыз ету;

· орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтау, олардың өсіп-көбеюін болжау және оларға қарсы күресу;

· биотехникалық іс-шараларды жүргізу;

· мемлекеттік орман қорының күзетіліуін, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсіруді қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттер;

· Қазақстан Республикасының экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

· ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды рекреациялық, туристік және тарихи-мәдени сауықтыру,ғылыми зерттеу мақсаттарында пайдалану.

 

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

· табиғи кешендерді (экожүйелерді, өсімдіктер қауымдастығын, геологиялық және гидрологиялық нысандарды) түгендеу;

· өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлі таксономиялық топтарының биологиялық алуантүрлі нысандарын түгендеу;

· жануарлар мен өсімдіктерді жерсіндіру және қайта жерсіндіру, оның ішінде вольерде ( тор қоршауда) ұстау мәселелері;

· табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың амалдарын, оның ішінде табиғаттан табиғат нысандарын алудың мүмкін болатын көлемдердін анықтау мәселелері;

· табиғи процесстерге мониторинг жүргізуді жүзеге асыру, табиғи және тікелей, жанама антропогендік , технологиялық жер етудің нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерінде болып жатқан барлық өзгерістерді тіркеу мақсатында табиғат жылнамасында өзгерістерді тіркеу;

табиғи кешендерді, биологиялық алуан түрлілікті, организмдердің жекелеген түрлері мен топтарын қорғау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен оның қорғау (күзету) аймағын экологиялық- ағарту , ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда реттеу жөнінде ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеу.

 

Жануарлар дүниесін қорғау мен молайту бөлімі қызметінің бағыттары:

· жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету;

· адамгершілік принциптеріне сәйкес жануарларға мейірімсіз қарауды болдырмайтын амалдармен жануарлар дүниесін пайдалану;

· жануарлар дүниесін пйдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметін жануарлар дүниесінің нысандарын пайдалану жөніндегі қызметпен қосарлануын болдырмау жануарлар дүниесін пайдалану құқығын жерлерді, суларды, өсімдіктер әлемі мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығын бөлу;

· жануарлар әлемін қорғау, молайту және пйдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын қамтамасыз ету;

· жануарлар дүниесінің нысандарын қорғау, молайту және тұрақты пайдалану саласындағы міндеттерді шешуге азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуын қамтамасыз ету.

 

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

өңірлік парктің аумағында реттелмелі туризм мен демалысты ұйымдастыру мен дамыту бойынша парктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жұмыстарды жоспарлауды жүргізеді және белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

өңірлік парктегі туристік нысандар, сипаты және оларды пайдаланудың болашағы туралы ақпараттарды жүйеге келтіруді, сақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;

жалға алу келісімшарттардағы шарттардың орындалуын бақылайды;

туризмді тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

өңірлік парк және оны жекелеген туристік бағыттары бойынша жолбасшыларды дайындауға қатысады;

өңірлік паркке келушілер көрсетілетін ақылы қызметтердің құнын есептеуді өңірлік парктің қаржы- экономикалық қызметімен бірлесіп жүргізеді;

туризм дамуы мен демалыс үшін жауапты мемлекеттік органдармен, аймақта туристік қызмет жүргізетін заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-әрекет (ынтымақтастық) жасайды;

өңірлік парктің аумағында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жыл сайынғы жоспарлар мен бағдарламаларды дайындайды;

өңірлік парктің қызметкерлерімен келушілерді қабылдау мен қызмет көрсету бойынша техникалық оқуларды ұйымдастырады және жүргізеді.

 

 

 

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту