Тарихи және мәдени ескерткіштер

ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

Боралдай филиалы аумағында орналсқан және іргелес жатқан  археологиялық ескерткіштері

Боралдай филиалы жер аумағының батыс бөлігінде бірнеше тарихи маңызы бар археологиялық кешендер бар. Боралдай өзенінің жоғарғы бөлігінде (Қошқар-ата өзенінің Боралдай өзеніне құятын жері) үлкен қола дәуіріне жататын (б.з.б. ІІ ғасыр) орда мен көптеген жартасқа қашалған суреттер бар. Теректі ауылы маңынан ортағасырлық қала табылған. Археологиялық кешенде ежелгі көшпенділердің қорымдары табылған. 1905 жылы Боралдай петроглифтерін П.А.Комаров зерттеген.

image001

1939 жылы Г.И.Пацевичтың археологиялық экспедициясы және 1957 жылғы А.Г.Максимов бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының нәтижесінде Боралдай филиалы аумағынан сақ дәуіріне жататын бірнеше үлкен қорымдар табылған.
Боралдай филиалында туристік экскурсиялардың ішінен ең көңіл аударатыны Боралдайдың жартасқа қашалған суреттері. Бұл жартасты суреттердің тарихи құндылығы  ғана емес көркемдік құндылығы бар. Олар Боралдай өзенінің айналымында  топталып орналасқан.
image002Боралдай өзенінің жоғары жағында Теректі шатқалының тау бөктері мен төбелерінің жазық жерлерінде жартасқа қашалған суреттер орналасқан. Бұл шатқал Түркістан қаласының оңтүстік-шығысынан 110 км қашықтықта, Теректі ауылынан 6 км қашықтықта Теректі жылғасының Боралдай өзеніне құятын жерінің жоғары жағындағы төбеде  орналасқан. 

image003

  Жоғарыда көрсетілген Теректі шатқалында үлкен тарихи – мәдени және көркемсуреттік құндылығы бар таңбалы тастар өңірлік парктің Боралдай филиалының аумағымен іргелес жатқан шатқалында орналасқан, көрсетілген мәдени – тарихи құндылығы бар таңбалы тастар туристік экскурсияларды ұйымдастыру үшін үлкен қызығушылық туғызып отыр. Осыған байланысты облыс әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашасындағы № 145 санды қаулысымен бекітілген біздің өңірлік парктің құру жөніндегі жаратылыстану – ғылыми негіздемеде аталған қызықты Боралдай археологиялық ескерткіштерді өңірлік паркке экскурсиялық маршруттарды белгіленгенде пайдалану ұсынылған.

image004

   Жоғарыдағылардың негізінде туристік шараларды дамыту мақсатында Боралдай археологиялық ескерткіштері (таңбалы тастар - петроглифтер) орналасқан жер учаскелерінің көлемін(га), орналасу схемасын және санатын, кімге бекітілгендігі жөніндегі мағлұматтарды аудандық жер қатынастары бөлімінен біліп беру мақсатында «Бәйдібек ауданы әкімдігіне» өңірлік табиғи парк атынан хат жолданды.
Және де бұл археологиялық ескерткіштер облыс әкімдігінің 2010 жылғы 9 маусымындағы №233 Қаулысымен жергілікті маңызы бар Оңтүстік Қазақстан облысының тарих және мәдени ескерткіштерінің тізіміне 65 нөмерімен енген. Бұл таңбалы тастардың қасында Жүзімді тас бет суреттері қола дәуірі ескерткіші мемлекет қорғауында деп жазылған ескерту тақтасы қойылғанымен, онда арнайы күзетші қойылып, олардың қорғауы ұйымдастрылмаған.

image005


Сондықтан тастағы тарихи суреттер демалуға барған азаматтар тарапынан әртүрлі жазулар жазылып, басқа суреттер салынып, көріксіз болып бүліне бастағандығын көруге болады.

Аталған нысандар орналасқан жер учаскелерін өңірлік табиғи паркіне бекітіп беру жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныспенimage007 шығып, ықпал жасауды сұрану туралы «ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына» хат жолданды.
Осы мәселеге байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы кәсіби іс –сапар нәтижесінде  «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық саяси  газетінің 2014 жылдың 14-шілдедегі №79 санды басылымында тілші И.Луниннің «На грани культуры, наскальные рисунки эпохи бронзы, сохранившиеся в ЮКО,оказались под угрозой уничтожения» деген тақырыппен мақаласы жарық көрді.
Боралдай филиалы аумағынан табылған петроглифтерді үш топқа бөлуге болады. І және ІІ топқа жататын петроглифтер – Қарасты бұлақ пен Қызыл бұлақтың Боралдай өзеніне келіп қосылатын жерінде екі төбеде орналасқан.  Петроглифтері бар төбелер тау бөктерінен басталып Боралдай өзенінің жағасына дейінгі жерлерден табылған.

   ІІІ топқа петроглифтер Боралдай өзенінің оң жағасында биік жартасты төбелерде орналасқан. Суреттер тауга шығатын жерлерде күңгірт жеке тастарда қашалып салынған.
І топтың петроглифтері құздарда ұзындығы 200 метр жеке және шағын тастарда тізбектеліп орналасқан.
Бұл топтың суреттері Теректі ауылы маңындағы Қостұра тауында орналасқан. Дәл осы тізбек ежелгі адамдардың діни орталығы болуы да мүмкін. Оған дәлел ретінде суреттердің ерекше тізбектеліп орналасуы ғана емес, сонымен қатар тасқа қашалған сюжетті көріністерді көруге болады. Тастақтарда шабақты 4 дөңгелекті жанында тағы да күн суреттерін және екі дөңгелекті күйме тасқа қашалып салынған. Бұл топта барлығы 36 адам тәрізді суреттер, 4 салт атты адам және күрделі көп пішінді композициялар бар.

 

image008

 

image009image010

Екінші топтың суреттері өзенге түсетін үлкен төбеде орналасқан.

 

image011Бұл топта жан-жануарлардың суреттері, адам тәрізді пішіндер, салт атты адамдар және аң аулар көріністері басым болып келеді. Петроглифтердің негізгі бөлігі жоталарда орналасқан, ал жекелей суреттер солтүстік-шығыс тау баурайы мен төбенің өзенге тірелген шетінен табылған. Осы жерде тасқа қашалған садақтың, ешкінің және таңбалы суреттер табылған.
Үшінші топтың петроглифтері өзеннің оң жақ бетіндегі тасты үлкен жеке таөбеде жеке тастарда қашалған. Бұл жерде суреттер аз болса да өте қызықты діни сипаттағы сюжеттер тасқа қашалып салынған. Бұл суреттер салт-дәстүрді бейнелейді

image012

Боралдай өзенінің солтүстігіндегі петроглифтерде тағы да басқа археологиялық нысандар бар. Ең ерекшесі бұлықтың қасындағы тастарда қашалған құрбандық шұңқырлары.

Мұндай шұңқырлар әруақтардың көңілін өзіне аударту және малдарын қорғау үшін діни бағытта тасқа қашалып салынған. Мұндай суреттер алғаш рет қола дәуірінде тіркелген, кейін ерте темір дәуірінде мал шаруашылығы мен көшпенділік дамыған кезеңге дейін таралған.Теректі ауылында ерте ортағасырлық қалалар табылған. Оған өлкетанушылардың көне суреттер аймағында кездейсоқ табылған заттар дәлел бола алады.

 

 image013 image014

 

Сырдария филиалы аумағында орналсқан және іргелес жатқан  археологиялық ескерткіштері

Байырқұм —ежелгі қала орны.  Байырқұм ауылының маңында,  Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан. Алғаш 1900 жылы О.А.Руднев зерттеген. 1948 — 1949 жылдары А.Н. Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы қазба жұмысын жалғастырды. Қаланың орны тік бұрышты биік алаңға ұқсас. Аумағы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 300 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық. Ол биіктігі 3 м-ге жуық үйме топырақпен қоршалған. Оңтүстік-шығыстағы қабырғаның орта тұсында тік бұрышты 5 мұнараның қалдығы сақталған. Қаланың сырты тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Алаңның ортасына таман цитадель орналасқан. Ол биіктігі 9 м тік бұрышты төбе. Оның іргесінің аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 м.Қамалдың шет-шетінде 8 мұнараның қалдығы бар, биіктігі 1 м үйме топырақпен және ені 10 м-ге жуық ормен қоршалған. Оның солтүстік-батыс және шығыс жағында сухауызының орны анық көрінеді. Жиналған археология материалдарға қарағанда, қала б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 8 ғасыр аралығында болған.

image015

Сүткент – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. X - XI ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. Ол туралы араб тарихшысы әрі географы ибн Хаукаль: “Сүткент Шаштың батысында, онда мешіт бар. Мешітке исламды қабылдаған түркілер жиналады”, – деп жазған. Сүткенттің аты XI ғасырдың соңынан XV ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404 – 05 ж. Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта аталады. Қаланы 1900 ж И.В. Руднев, 1951ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияда (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Шардараның маңында қаланың атын осы күнге дейін сақтап қалған екі қалашық бар.

image016

 


Солардың алғашқысы Сүткент-1 Сырдариядан 2 км жерде, Қаракөл сайында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 900 м аумақты алып жатыр. Оны қоршаған ені 4 – 6 м, биіктігі 1 м-ге жуық дуалдың бойында орнатылған 30 мұнараның орындары сақталған, дуалды сыртынан қоршай қазылған ордың тереңдігі 1 – 1,5 м, ені 8 – 10 м. Қалашықтың шығыс шетінде су жинайтын үлкен тоғанның орны бар. Оның өлшемі 100 ÷ 350 м, тереңдігі 1 м. Су Сырдариядан арнайы қазылған арық арқылы әкелінген. Цитаделдің орны қалашықтың солтүстік-батыс шетінде. Оның өлшемі 150÷150 м, биіктігі 7 – 8 м. Цитаделді қоршаған қорғаныс қабырғасы мен мұнаралардың орындары сақталған. Оларды сыртынан терең ор бөліп жатыр. Қалашықтың шығыс шетінде қала маңындағы жеке иеліктердің қираған орындары байқалады.

Түркістан филиалы аумағында орналсқан және іргелес жатқан  археологиялық ескерткіштері

     Түркістан филиал аумағына іргелес орналасқан Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында  XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимаратҚожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп  жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

image017

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.

image018

Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.

 image019

Ахмет Ясауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды.

image020

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр.

image021Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулімғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;Үлкен Ақсарай;Кіші Ақсарай;Құдықхана;Кітапхана;Асхана; Көрхана;Мешіт;

 

 

   Түркістан филиал аумағында орналасқан ежелгі қалашықтар: 
Қауған ата-ежелгі қалашық орны, Түркістан қаласының оңтүстік – батысында Сырдария өзенінің сол жағалауында, Үшқайық өткелінің маңында орналасқан. 1900 жылында Н.В. Руднеев, 1947 жылында Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1970 жылында Отырар археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол орта ғасырдағы Қүнжан (Құнан) қ. деп есептеледі. XVI ғасырдағы тарихи деректерде де аталады. Қазіргі орны биіктігі 10 м төбе. Ортасы төбе диаметрі 160 - 170 м. Қалашық периметрі бойынша бекініс қабырғаларымен қоршалған. Мұнара ізі де байқалады. Қабырғалардың айналасында аумағы 10 м-дей, тереңдегі 2-дей, ордың орындары бар. Қалашыққа кіретін қақпа оңтүстік жақта болған. Одан басталатын көше калашықты екіге бөліп тұрған. Мұнда махалла орындары анық байқалады. Қауған ата ауылдан XVII-XVIII ғасырларға жататын сырлы және жай қыш ыдыстар (құм, кесе, тостаған, т.б.) сынықтары табылған. Одан басқа да материалдарға қарағанда Қауған ата тұрғындары VI-XVIII ғасырдар да егін егіл, мал шаруашылығымен айналысқан.
      Бұзықтөбе — ортағасырлық қала. Түркістан қаласының оңтүстік – батысында Сырдария өзенінің сол жағалауында, Үшқайық өткелінің маңында орналасқан. Ертедегі егіншілердің қонысы ретінде қалыптасып, VI — VIII ғасырларда қалаға айналған. X ғасыр шамасында Бурук деп аталған. Ортағасырлық автор әл-Мақдисидің жазбаларында қала ірі сауда орталығы болғаны айтылады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасыр деректерінде ол Шелек деген атпен белгілі. Қала тіршілігін 15 ғасырдың I-жартысында тоқтатқан. Бұзықтөбені алғаш 1951 жылы А.Н. Бернштам, 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген. Қазба жұмысы кезінде қаланың I — XI ғасырлар аралығында болғанын білдіретін көптеген археологиялық материалдар: қыш ыдыстар, шыныдан жасалған заттар, теңгелер табылды. Төбе үш бөліктен: цитадельшахристан және рабадтан тұрады. Орталық бөлігінің құлаған орнының аумағы 300x190 м, биіктігі 7 — 8 м, оңтүстік бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы төменгі жағында 90 м, үстіңгі жағындағы тегіс алаңның аумағы 35 м, биіктігі 13 м. Қаланың жобасынан оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі қақпаның (жалпақтығы 10 — 15 м) іздері байқалады. Шахристанды қоршаған қорғаныс қабырғасының құлаған орындары сақталған. Оның сыртынан терең ор қазылған. Рабадтың территориясынан бір-біріне жалғастыра салынған қарапайым тұрғын үйлер мен оларды бөліп жатқан көшелердің іздерін көруге болады.
Үтрабат станциясынан 17 км оңтүстік-батысқа қарай Сырдария өзенінің оң жағалауында Қандытоғай шатқалында 149 обадан тұратын қорым орналасқан. Обалардың диаметрі 4 метрден 15 метрге дейін, биіктігі 0,2-1,5 метрге дейін. Оба 1949 жылы Е.И.Агеевойдың жетекшілігімен бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Экспедиция нәтижесінде обалардан ортағасырлық керамика сынықтары табылған.
Үтрабат станциясынан 18 км оңтүстік-батысқа қарай Сырдария өзенінің оң жағалауында Қандытоғай шатқалында 42 обадан тұратын қорым орналасқан. Обалардың диаметрі 8 метрден 16 метрге дейін, биіктігі 0,2-0,8 метрге дейін. Оба 1949 жылы Е.И.Агеевойдың жетекшілігімен бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Экспедиция нәтижесінде 2 қорған қазылды. Қорғандарда көзешілер ортасында жасалған сауыттардың сынықтары және жануарлардың сынықтары табылған.
Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құятын жерінің солтүстігінде Фараб (Отырар) округіне қатысты көптеген археологиялық ескерткіштер орналасқан. 
    Жалпақтөбе – ортағасырлық қала орны, Темір станциясынан солтүстік-батысқа қарай 17 км қашықтықта Сырдария өзенінің оң жағалауында, Отырартөбеден 10 км жерде орналасқан. Алғаш 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) тапқан.19661970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жүргізген. Жалпақтөбенің ежелгі атауы белгісіз. Бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сәйкес келетін төртбұрыш тәріздес, екі деңгейден тұратын төбе. Негізгі бөлігінің ауданы 240х200 м. Оның шығыс шеті едәуір биік және трапеция тәріздес келген, табанының ауданы 100х90 м, биікт. 6 м. Әрбір бұрышында орналасқан мұнараларының қираған қалдығының биікт. 7,5–10 м. Батыс қабырғасының орта тұсында орналасқан қос мұнара қала қақпасының екі жақтауын қорғау үшін салынған құрылыс болуы мүмкін. Батыс жағынан келіп қосылатын алаңша аса биік емес, ауданы 140х100 м, биікт. 4 м. Төбенің беткі жағынан табылған ыдыс сынықтары қаланың 1–13 ғ-лар аралығында болғанын көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту