Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімі

 

Қырықбаев А.Б., Мұстафаев Ғ.Т.

ОРМАН ӨРТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРМЕН БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі» КММ

Орман өрттерімен адамзат баласы өзінің тіршілік етуінен бастап жолыққан. Найзағайлармен және оттың басқа да табиғи көздерімен туындайтын өрттер алғашқы адамдар дәуірінің өзінде-ақ тек ғана үй-жайларға емес, олардың өміріне де қауіп төндірді. Сол уақыттардағы адамдарда орман өрттерінен үрейлі қорқыныш сезімі пайда болса керек және олар үшін қорғанудың жалғыз жолы келе жатқан өрттен қашу болатын. Уақыт өте келе, өрттерден қорғануға адамдар біршама тәжірибе жинады, өрттен қауіпсіз аймақтарды анықтауды үйренді, қоршаған объектілердің жану мүмкіншіліктері мен қарқындылығын анықтады [1], [2].

Орман өрттерімен күрес орман қорларын қорғау мен оның ұдайы өндірілуіне байланысты айтарлықтай маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өртке қарсы техниканың дамуына және сөндіру технологиясының жетілдірілуіне қарамастан ормандарды өрттен қорғау мәселесі әлі шешілген жоқ. Статистикалық мәліметтер талдамасы көрсеткендей ірі көлемді өрттер санының төмендеуі байқалмай, тек ғана әрбір жылдары олардың көлемінің ұлғаюы байқалатындығын анықтауымызға болады [2], [3].

Орман өрттерімен күрес шараларын жетілдіру мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасының (бұдан әрі- БҰҰДБ–ПРООН) ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 2019 жылдың 14-15 тамыз аралығында «Жан-жақты пайда алу мақсатында ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» жобасы негізінде Түркістан және Жамбыл облыстарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары мен орман шаруашылығы мекемелеріне орман экожүйелерінің жай-күйі мен орман өрттерін ғарыштық суреттермен бақылау арқылы нақты координаттарын алу бойынша оқыту семинары өткізілді. БҰҰДБ-ның өткізген семинарына Түркістан, Жамбыл облыстарының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Түркістан, Жамбыл облыстарының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан және Жамбыл облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары қатысты.

Оқыту барысында БҰҰДБ-ның экологиялық мониторинг бойынша сарапшысы - Талғат Таукенов, Түркістан және Жамбыл облыстарының аумақтық сарапшысы Алатау-Балқаш Қыстаубаев биоалуантүрлілік және экожүйелердің жай-күйіне мониторингті геоақпараттық жүйелер мен технологиялар арқылы жүргізу, орман өрттерін ғарыштық суреттер негізінде бақылау, олардың алаңдарын есептеу, заңсыз кесілген ағаштардың орнын анықтау, жер серіктері арқылы түсірілген ғарыштық суреттер жүктелетін Landsat Missions, EO-Browser, Orman.gharish.kz, Worldview,Fires.ru программаларымен жұмыс жасау бойынша тапсырмаларды тәжірибе жүзінде көрсетіп, Түркістан және Жамбыл облыстарының орман күзетінің мамандары біліктіліктерін арттырып, көптеген тәжірбиемен алмасты.

Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау, сақтау қазір адмзаттың қолында. «Адам - табиғаттың патшасы» демекші, табиғат - адам үшін асыл ана. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен, бүгінгі күні әлем бойынша орман өрттерінің көбею салдарынан, адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған жасыл желекке қамқорлық жасауымыз қажет. «Бір тал кессең, он тал ек», «Жер құтты болса, мал сүтті болады» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы – «Жасыл желекте» емеспе.Ендеше, әлемдік жасыл желектер мен жабайы жануарларымыз аман болып, табиғатымыз өртке шалынбасын[4].

Табиғатты қорғап, сақтау әрбір адамзаттың борышы десек, бізде өз үлесімізді аталған оқу тәжірибемізден қосатынымызға сенім білдіреміз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мелехов И.С., Душа-Гудым С.И., Сергеева Е.П.Лесная пирология, М., Московский государственный лесной университет, 2007.

2. Бегембетов А.А. Рекреационное использование лесов юго-востока Казахстана. Алматы, 2003

3. Иващенко А.А. Заповедники и национальные парки Казахстана. «Алматыкітап», 2006.

4.Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.

 

Орманды молайту мен өсіру және орман тұқымбақтарын күтіп ұстау, көшет өсіру және агротехникалық жұмыстары.

Орман қоры жерінде орманды қалпына келтіру

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бекітілген «2017 жылға арналған орман ұлғайту мен өсіру іс-шаралары» бойынша индикативтік жоспарға сәйкес орындалған іс- шаралар төмендегі кестеде көрсетіліп отыр:

жұмыс түрлері

өлшем бірлігі

жоспар

орындалғаны

көлемі

сомасы, мың тг

көлемі

сомасы, мың тг

1

Мәдени ормандарға ағаш отырғызу

га

77

1372,0

77

1372,0

2

Мәдени бау егуге жер дайындау

га

4,1

476,0

4,1

476

3

Орман екпелерін күтіп-баптау

га

574

1303,0

574

1303,0

4

Орман екпелерін толықтыру

га

76

512,0

419,5

512,0

5

Орман тұқымбақтарында көшет өсіру

мың дана

2000

2079,0

2172,01

2079,0

6

Орман ағаштарының тұқымын жинау

кг

2200

661,0

3417

661,0

 

Жиынтығы

 

х

6403,0

х

6403,0

Өңірлік табиғи парктің 2017 жылға арналған индикативтік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының №52 орамында 77 га жерге 1,4м х2,8м нобайымен 500 кг қара сексеуіл (сапасы ІІІ сынып, куәлік №131, берілген күні 15.11.2017 жыл) тұқымы себіліп, техникалық қабылдау актісі жасалды.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз, маусым айларында 2012- 2016 жылдары отырғызылған 574 га мәдени екпелерді күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, оған 1303,0 мың теңге жұмсалды.

2017 жылы көктемде бұрыңғы жылдары отырғызылған көнімділігі төмен 419,5 га мәдени орман екпелері 29,0 мың дана көшеттермен толықтыру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 2000 мың дана көшет өсіру жоспарланып, жыл басында орман тұқымбақтарында 1376,72 мың дана ағаш-бұта көшеттері есепте болды, 2017 жылы жалпы 2174,31 мың дана көшетөсірілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы көктем айларында жоспардан тыс Түркістан филиалындағы орман тұқымбағына 2 га жерге 1250 дана грек жаңғағы және Боралдай филиалындағы орман тұқымбағына 833 дана алхоры, алмұрт көшеттері арнайы мәдени бау өсіру жобасына сәйкес отырғызылды.

SAM_5064

2017 жылы көктем және күз айларында мәдени орман екпелерін отырғызу, 2012, 2013 және 2015 жылдары отырғызылған мәдени екпелерін толықтыруға, сонымен қатар сату, есептен шығару және Отырар ММ мен аудан, қалалардың теңгерімдеріне берілгеннен кейін 1893,52 мың дана әр-түрлі ағаш-бұта көшеттері 2018 жылдың 1 қаңтарына қалып отыр.

Орман тұқымдары істері

Есепті жылы филиалдардың тұқымбақтарына, мәдени орман алқаптарына себу үшін мына төмендегі ағаш тұқымдары жиналды:

Ø жай арша - 5 кг (І сынып);

Ø боз арша - 15 кг (10 кг І сынып, 5 кг ІІ сынып);

Ø емен- 44 кг (ІІІ сынып);

Ø шаған - 30 кг (ІІІ сынып);

Ø соғды шағаны - 180 кг (І сынып);

Ø үйеңкі - 220 кг (80 кг І сынып, 90 кг ІІ сынып,

50 кг ІІІ сынып)

Ø жиде - 1100 кг (600 кг ІІ сынып, 500 кг ІІІ сынып);

Ø өрік - 350 кг (ІІІ сынып);

Ø каштан - 20 кг (І сынып);

Ø катальпа - 50 кг (30кг І сынып, 20 кг ІІІ сынып);

Ø қарамала - 30 кг (ІІІ сынып);

Ø сары акация - 20 кг (ІІІ сынып);

Ø қара сексеуіл - 500 кг (ІІІ сынып);

Ø қарағаш - 850 кг (400 кг І сынып, 100 кг ІІ сынып,

350 кг ІІІ сынып);

Ø сиверс алмасы - 3 кг (1 кг І сынып, 2 кг ІІ сынып).

Барлығы - 3417 кг

Индикативтік жоспарға сәйкес 2016 жылы филиалдардың орман тұқымбақтарында 2200 кг әртүрлі ағаш-бұта тұқымдарын жинау жоспарланған. Бүгінгі таңда, 3417 кг әртүрлі ағаш-бұта тұқымдары жиналып, жоспар 155 пайызға артығымен орындалды.

Өңірлік табиғи парк бойынша жиналған ағаш-бұта тұқымдардың сапасы мен шығымын анықтауға Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқым мекемесіне жіберіліп, сапасы жөніндегі куәліктері алынған.

Филиалдарда ағымдағы жылы 2917 кг әртүрлі ағаш тұқымдары орман тұқымбақтарының 8,74 га жеріне және 500 кг қара сексеуіл тұқымы 77 га мәдени орман алқаптарына толық себіліп, техникалық қабылдау актілері жасалды.

IMG-20170612-WA0001

Ағаш-бұта тұқымдары Арыс, Түркістан, Шардара қалаларындағы демалатын орындардан, Боралдай тау жоталарынан және көше бойларындағы өсiп тұрған ағаштардан жиналды.

Тұрақты орман тұқым учаскелері

Филиалдарда тұрақты орман тұқым учаскесі жоқ. Оның негізгі себебі тұқымбақтардың көлемінің аз болуы, сондықтан ағаш тұқымдары саябақтардан, аллеялардан ЕҚТА жерлерінен жинап алынады.

Орман тұқымбақтарының орналасуы

Боралдай филиалының тұқымбағы - Сүңгі бөлімшесі, №121 орам, Жарықбас ауылы маңында орналасқан.

Сырдария филиалының тұқымбақтары - Тақыркөл орманшылығы, Арыс қаласы маңында және Шардара орманшылығы, Шардара қаласының маңында орналасқан.

Түркістан филиалының Құсшы ата тұқымбағы - Балтакөл орманшылығы, №111 орам, Құсшы ата елді-мекенінің манында орналасқан.

Орман тұқымбақтарындағы көшеттер

Филиалдардың есебiндегi орман тұқымбақтарында 2017 жылдың 1 қаңтарында есепте 1376,72 мың дана көшет болған. Ағымдағы жылы үш филиалдың орман тұқымбақтарында 2174,31 мың дана ағаш-бұта көшеттері өсірілді.

Оның ішінде:

Ø қарағаш 1696,29 мың дана;

Ø акация 1,8 мың дана;

Ø жай арша 45,35 мың дана;

Ø боз арша 2,71 мың дана;

Ø қарағай 0,15 мың дана;

Ø сиверс алмасы 8,84 мың дана;

Ø қарамала 16,5 мың дана;

Ø тал 0,5 мың дана;

Ø кәдімгі атбасталшын 0,54 мың дана;

Ø катальпа 5,1 мың дана;

Ø үйеңкі 212,0 мың дана;

Ø шаған 32,55 мың дана;

Ø соғды шағаны 8,26 мың дана;

Ø жиде 57,7 мың дана;

Ø өрік 79,36 мың дана;

Ø фисташки 6,3 мың дана;

Ø бұталы роза 0,06 мың дана;

Ø сирия розасы 0,3 мың дана.

Есепті жылы көктем айларында 2012, 2013 және 2015 жылдары отырғызылған мәдени екпелерді толықтыруға 29,0 мың дана қарағаш көшеттері жұмсалды.

2017 жылы көктемде өңірлік паркке қарасты Түркістан филиалының теңгерімінен Отырар мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне ақысыз түрде 175,0 мың дана көшеті, сондай-ақ күз айларында Созақ ауданы мен Арыс, Кентау, Түркістан қалаларына 60,47 мың дана әртүрлі ағаш көшеттері ақысыз берілді.

Сонымен қатар, мектептер мен мекемелерге, әр-түрлі табиғат қорғау іс-шараларына 3,62 мың дана ағаш көшеттері жұмсалды. Филиалдардың орман тұқымбақтарынан 1,3 мың дана көшеттер мекемелер мен жеке тұлғаларға сатылды, барлығы 280,79 мың дана ағаш-бұта көшеттері қазылып алынды.

Мекмелерге берілген көшеттерді жаппай қазу барысында 11,4 мың дана қарағаш және өрік көшеттері есептен шығарылды.

Мәдени екпе отырғызу, мәдени екпелерді толықтыру жұмыстары мен сатылғаннан және есептен шығарылғаннан кейін 2018 жылдың 1 қаңтарына 1893,52мың дана ағаш-бұта көшеттеріқалды. Атап айтқанда:

Ø қарағаш 1460,69 мың дана;

Ø акация 1,8 мың дана;

Ø өрік 60,43 мың дана;

Ø қарамала 12,1 мың дана;

Ø катальпа 5,1 мың дана;

Ø үйеңкі 201,25 мың дана;

Ø шаған 23,73 мың дана;

Ø соғды шағаны 8,26;

Ø жиде 57,7 мың дана;

Ø тал 0,5 мың дана;

Ø сиверс алмасы 8,84 мың дана;

Ø кәдімгі атбасталшын 0,54 мың дана;

Ø фисташки 6,0 мың дана;

Ø жай арша 43,72;

Ø боз арша 2,71 мың дана;

Ø қарағай 0,15 мың дана.

Орманды қорғау мен күзету

Орманды қорғау мен күзету – орман өрттерінің алдын алу, орман ағаштарының заңсыз кесілуіне және ҚР басқа да Орман заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен, табиғи сипаттағы қолайсыз факторлардан қорғау болып табылады.

Өрт қауіптілігі категориясы бойынша тоғайлы алқаптар Ікатегорияға, ал Боралдай филиалының орман қоры жерлері ІІІ категорияға жатқызылған.

ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2017 жылғы 26 қантардағы «2017 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №15н/қ бұйрығы негізінде өңірлік парктің 31.01.2017жылғы «2017 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9-Ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында 2017 жылдың20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілді.

Өрт қаупі бар маусымына дайындық кезеңінде және өрт қаупі бар маусымда төмендегідей іс-шаралар атқарылды:

— өрттің алдын алу мақсатында «Өңірлік парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 2017 жылға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары» облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшаларымен келісіліп, бекітілді. Осы жоспардың негізінде Боралдай филиалы Бәйдібек ауданы аумағындағы, Сырдария филиалы Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы Отырар ауданы мен Түркістан қаласы аумағындағы төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалып, бекітілді;

— бас мекемеде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және облыстық төтенше жағдайлар департаментімен келісілген, ал филиалдарда жергілікті атқарушы органдар, ауыл, қала әкімшіліктері және аудандық, қалалық төтенше жағдайлар мекемелерімен дала, орман өрттерін бірлесіп сөндіруге бойынша өзара іс-әрекет сызбасы жасалды.

— ағымдағы жылдың 27 қаңтарында өңірлік табиғи паркке қарасты Түркістан филиалында ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Отырар ММ-нің арнайы өкілдерінің қатысуымен өңірлік табиғи парктің ЕҚТА жерінде өрт қауіпі бар маусымға дайындық айлығында атқарылатын іс-шаралар мен санитарлық кесіктерді қағида талаптарына сәйкес жүргізу бойынша семинар кеңес өткізілді.

Сондай-ақ, осы жылдың 29 қаңтарында өңілік паркке қарасты Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығында орман өртінің алдын алу бойынша тәжірибелік семинар өткізілді;

IMG_0156

— филиалдар бойынша индикативтік жоспарға сай өртке қарсы минералды жолақтарды жаңадан жасау және минералды жолақтарды күтіп-баптау, өртке қарсы жолдарды жөндеу жұмыстарының карта-сызбалары дайындалды;

— өрт сөндіру техникалары жүргізушілерінің, уақытша өрт сөндіру қарауылдарының тізбесі, телефондары және орналасу сызбасы жасалды;

IMG_9056— өңірлік парктің 20.02.2017 жылғы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №20-ө бұйрығымен оқу-жоспарының бағдарламасы бекітіліп, семинар сабақтарын өткізудің оқу-жоспарына сай Сырдария филиалында 23.02-24.02.2017 жылы, Түркістан филиалында 01.03-02.03.2017 жылы және Боралдай филиалында 10-11.03.2017 жылы бас мекеменің қызметкерлеріне оқу-семинар сабақтары өткізді.

— ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындармен және ауыл орта мектептерімен құрылған 85 ерікті өрт сөндіру командаларына 791 азамат жасақталды;

— филиалдардаерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін және су алатын орындар белгіленіп, жаңарту жұмыстары жүргізілді;

— филиалдар бойынша ауа-райының қолайсыздығынан бүлінген аншлаг-паннолардыжаңарту жұмыстарының карта-сызбалары мен үлгілері дайындалды;

— филиалдардың ОӨСС-ғы орман өртіне қарсы техникалар жөндеуден өткізілді, сонымен қатар қажетті өрт сөндіру құралдарымен толықтырылды. ОӨСС-ның паспортары жаңартылды;

IMG_9246

— филиалдардағы ОӨСС-да жанар-жағар май қорының жасақталуы Боралдай филиалында 200 литр дизельді отын, 200 литр АЙ-80 маркалы бензин, Сырдария филиалында 200 литр дизельді отын, 200 литр Ай-80 бензин және Түркістан филиалында 400 литр Ай-80 маркалы бензин, 400 литр дизельді отын қоры бөшкелерде сақталып қойылды;

— мемлекеттік инспекторлар күзет көліктерінің жай-күйіне келсек, Боралдай филиалында 22 бас мініс ат және 8 дана мотоциклдермен, Сырдария филиалында 10бас мініс ат және 5 дана мотоцикл көліктерімен және Түркістан филиалында 8 бас мініс ат пен 11 дана мотоциклдермен қамтамасыз етілген;

— Боралдай филиалында 16 дана, Сырдария филиалында 40 дана және Түркістан филиалы бойынша 24 дана радио байланыс құралдарының жай-күйі пысықталды;

— Боралдай филиалы1 дана өрт бақылау мұнарасы және 3 дана дүрбілермен, Сырдария филиалы11 дана бақылау мұнаралары және 18 дана дүрбілермен, Түркістан филиалы10 дана өрт бақылау мұнаралары және 6 дана дүрбілермен жабдықталған;

— Боралдай филиалының айналымдарындағы 15 дана, Сырдария филиалының айналымдарындағы 38 дана, Түркістан филиалында 27 дана өрт сөндіру қалқандары жаңартылып, құрал-саймандармен толықтырылды;

— ағымдағы жылы филиалдарда өрт қауіпті маусым барысында 8 орман өртін сөндіру бекеттері ұйымдастырылып, тракторлар, автокөліктер және басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етілді.

IMG_0876

Орман өрттеріне қарсы индикативтік жоспардың орындалуы

Ағымдағы жылға бекітілген индикативтік жоспарға сай орман өртіне қарсы жүргізілетін іс-шаралардың орындалуы төмендегіше:

— шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстарының құжаттары мен карта-сызбалары негізінде Сырдария филиалында 60 шақырым және Түркістан филиалында 50 шақырым жерлерде жүргізу жоспарланып, бұл жұмыстар өңірлік табиғи парк бойынша 110 шақырымға толық орындалды;

— минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстары 1659 шақырымға жүргізіліп, жаңадан 30 шақырым минералды жолақтар жасалды;

DJI_0164

— өңірлік парктің өрт болу қаупі жоғары аймақтарына баратын 120 шақырым өртке қарсы жолдар жөнделді;

— радиобайланыс жүйесін жетілдіру мақсатында 18 дана радио-байланыс жүйелері қалпына келтірілді, сондай-ақ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісін және орман күзеті қызметкерлерін оқыту бойынша 22 адамға 186 мың теңге қаржы жұмсалды;

— өңірлік парк аумағының ауа-райының әсерінен бүлінген және ҚР ӘҚБтК-нің өзгерісіне орай өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары мен аншлаг-паннолардың жаңа үлгілері жасалып, индикативтік жоспарға сәйкес 105 дана аншлаг-паннолардың беттері жаңартылды;

— өрт қауіпті маусым кезеңінде филиалдарда 32 уақытша өрт қарауылдары, 40 уақытша өрт сөндіру мұнараларына қарауылдар жұмыс атқарды.

жұмыс түрі

өлшем бірлігі

жоспар

орындалғаны

орындалу көрсет-кіші, %

көлемі

сомасы, мың

көлемі

сомасы, мың

1

Өртке қарсы минералды жолақтарды жасау (жаңадан)

км

30

59

30

59

100

2

Өртке қарсы минералдық жолақтарды күтіп ұстау

км

1659

3434

1659

3434

100

3

Өртке қарсы жолдарды жөндеу

км

120

3260

120

1390

100

4

Өртке қарсы уақытша күзет ұстау

адам

32

12082

32

12082

100

5

Өрт сөндіру көлігі жүргізушілерін, орман күзеті қызметкерлерін оқыту

адам

22

186

22

186

100

6

Орман күзеті көлігін ұстау

бас

40

2720

40

1712

100

7

Уақытша өрт сөндіру мұнарасына қарауылдар ұстау

адам

40

16731

40

16731

100

8

Орман аурулары мен зиянкестеріне жер бетіндегі күрес жүргізу

га

450

1099

450

500

100

9

Топырқатағы жәндіктердің тығыздығын зерттеу

шұқыр

130

26

130

26

100

10

Радио байланыс жүйесін құру

дана

19

132

19

118

100

11

Аншлаг жаңарту

дана

80

427

80

427

100

12

Панно жаңарту

дана

25

139

25

139

100

13

Шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу

км

110

298

110

298

100

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

Үгіт насихат жұмыстары

— есепті жылы филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерімен шектесіп жатқан 175 шаруа қожалықтары және 55 елді-мекендермен орман өрттерінің алдын алу, орман өрті орын алған жағдайда бірлесіп сөндіру жөнінде келісім шарттар жасалынды;

— орман өрттерінің алдын алу, табиғатты аялап, қорғау жөнінде үгіт насихат жұмыстары шеңберінде жыл басынан БАҚ-да 266 мақала, 30 рет радио мен теледидардан сұхбат берілді;

— өңірлік парк бойынша жергілікті ауыл тұрғындарымен, мектептермен және ұжымдармен 163 рет лекциялар өткізіліп, баяндамалар оқылды, оған 1335 тыңдаушы қатысты. Қатысушыларға және ЕҚТА жеріне келушілерге табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау жөнінде 5530 дана естеліктер мен үн-парақтар таратылды.

IMG_9458

Орман өрттері

2017 жылдың 22 тамыз күні сағат 02-30 шамасында желдің қатты жылдамдықпен ұйытқу салдарынан шекаралас жатқан Жамбыл облысының әкімшілік жерінен өрт Боралдай филиалы, Бөген бөлімі, №45 орам, №2 теліміне өткен.Орман өрті осы күні сағат 06-15 шамасында тоқтамға алынып, сағат14-40 шамасында толық сөндірілді.

Орман өртіне өңірлік табиғи парк бойынша 52 адам, 1 дана өрт сөндіру көлігі, 1 дана Арлан тракторы УПМ-3 тіркемесімен, 5 дана автокөлік және 1 дана момтоцикл қатыстырылды. Сондай ақ, Бадам ММ-нен 25 адам, 2 дана автокөлік, Отырар ММ-нен 9 адам, 2 дана автокөлік, Созақ ММ-нен 8 адам,2 дана автокөлік және Бәйдібек аудандық, Шымкент қалалық ТЖ бөлімдерінен 63 адам, 4 өрт сөндіру автокөлігі, 4 автокөлік қатысты.

— өртке шалынған жалпы жері – 11,7га;

— оның ішінде – орманды алқап – 3га;

— орманмен көмкерілген алқап – 3га;

— ормансыз алқап – 8,7га;

— жалпы өрттен келген шығын көлемі – 174 272,2 теңге.

Орман өртіне кінәлі тұлға анықталмады.

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ, 2017 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Орманды молайту мен өсіру шаралары

Өңірлік табиғи парктің 2017 жылға арналған индикативтік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында 77 га жерге мәдени екпе себу және қазан айында 2018 жылы мәдени екпе отырғызу үшін 100 га жер дайындау жұмыстары қарастырылған.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз, маусым айларында 2012-2016 жылдары отырғызылған 574 га мәдени екпелерді күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, оған 868,0 мың теңге жұмсалды.

Бұрыңғы жылдары отырғызылған көнімділігі төмен 419,5 га мәдени орман екпелеріне толықтыру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 2000 мың дана көшет өсіру жоспарланып, жыл басында орман тұқымбақтарында 1376,72 мың дана ағаш-бұта көшеттері есепте болды, ақысыз босатылғаннан және сатылғаннан кейін бүгінгі таңда 1209,27 мың дана көшетесепте қалды.

Филиалдарда ағымдағы жылы көктем айларында 850 кг қарағаш тұқымдары жиналды, сондай-ақ сараптамалары қорытындылары алынып, орман тұқымбақтарының 5,0 га жерге себілді.

Облыс әкімінің3 тапсырмасымен облыс көлемінде жеміс ағаштарын көбейту мәселесін негізге ала отырып, өңірлік табиғи паркке қарасты Боралдай және Түркістан филиалдарының орман тұқымбақтарында 1 га жерге алмұрт және 2 га жерге жаңғақ көшеттерін отырғызу мақсатында мәдени бау өсіру жобасы жасалды. Бүгінгі таңда, Түркістан филиалында 2 га жер дайындалып, жобаға сәйкес 1250 дана жаңғақ көшеттері және Боралдай филиалында 833 дана алмұрт пен қараөрік көшеттері отырғызылды.

Орманды өрттен қорғау шаралары

2017 жылдың индикативтік жоспарға сәйкес 30 шақырымда жаңадан минералды жолақтаржасалды. Сондай-ақ, 1659 шақырым бұрынғы жасалған минералды жолақтарға бір реттік күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Боралдай филиалында 4 дана, Сырдария филиалында8 дана және Түркістан филиалы бойынша 7дана радио байланыс құралдары қалыпқа келтірілді.

Өңірлік парк аумағының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауысуына және ҚР ӘҚБтК-нің өзгерісіне орай өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары мен аншлаг-паннолардың жаңа үлгілері жасалып, индикативтік жоспарға сәйкес 105 дана аншлаг-паннолардың жапсырма қағаздары жасалып, жаңартылды.

2017 жылдың индикативтік жоспарына сәйкес ЕҚТА жерімен шекаралас жердегі шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жинақталған құжаттары мен карта-сызбалары негізінде Сырдария филиалында 60 шақырым жерде,ал Түркістан филиалында50 шақырым жерде жұмыстар жүргізілді.

Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдардың өрт сөндірушілері мен өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілерін бастапқы дайындықтан өткізу іс-шаралары бойынша 22 қызметкер оқытылып, арнайы сертификат алынды.

Есепті жылы филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерімен шектесіп жатқан 175шаруа қожалықтары және55 елді-мекендермен орман өрттерінің алдын алу, орман өрті орын алған жағдайда бірлесіп сөндіру жөнінде келісім шарттар жасалынды.

Осы жылдың 29 қаңтарында өңілік паркке қарасты Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығында орман өртінің алдын алу бойынша тәжірибелік семинар өткізілді.

Өңірлік парктің 20.02.2017 жылғы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №20-ө бұйрығымен оқу-жоспарының бағдарламасы бекітіліп, семинар сабақтарын өткізудің оқу-жоспарына сай Сырдария филиалында 23.02-24.02.2017 жылы, Түркістан филиалында 01.03-02.03.2017 жылы және Боралдай филиалында 10-11.03.2017 жылы бас мекеменің қызметкерлері оқу-семинар сабақтарын өткізді.

Жыл басынан бері орман өрттерінің алдын алу, табиғатты аялап, қорғау жөнінде үгіт насихат жұмыстары шеңберінде жыл басынан БАҚ-да130 мақала, 15 рет теледидардан сұхбат берілді, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, мектептер, ұжымдарда 136 рет баяндамалар мен әңгімелер өткізіліп, оған 1134 адам қатысты. Сондай-ақ, 1106 дана естеліктер мен үн-парақ қағаздары таратылды.

Орманды жанама пайдалану

Өңірлік паркке қарасты филиалдарда ағымдағы жылдың 6 айында жеке тұлғаларға жалпы 45 дана және заңды тұлғаларға 10 дана орман билеттері берілді, оның ішінде мал жайылымы бойынша 31 дана, шөп шабу бойынша3 дана, бал арасын орналастыру бойынша 11 дана, мәдени-сауықтыру мен туристік-рекреациялық мақсатта7 дана және қысқа мерзімге пайдалануға3 дана орман билеттері жазылып, бюджетке 1105,5 мыңтеңге түсті.

Филиал атауы

Барлығы

оның ішінде

Соммасы, мың теңге

Мал жаю

Шөп ору

Омарта орналас-тыру

Мәдени- сауықтыру мақсатында пайдалану

Ұзақ

мерзім

Қысқа мерзім

Боралдай

6

5

-

-

-

1

86,8

Сырдария

34

21

1

7

4

1

822,4

Түркістан

15

5

2

4

3

1

196,3

Барлығы

55

31

3

11

7

3

1105,5

 

2017жылы ағаш кесуден сүрек дайындау

2017 жылы өңірлік табиғи парк бойынша жаппай санитарлық кесуден сүрек дайындау көлемі жалпы 855,8 га жерден 1336,5 текше метр, оның ішінде су тораптарын тазарту көлемі 8,6 га жерден 256 текше метр, өтімді үйінділерді жинау көлемі847,2 га жерден1080,5 текше метрболып бекітіліп, 2017 жылдың 6 айында жалпы 202,6га жерден 524 текше метр сүрек босатылды.

 

Филиал атауы

2017 жылғаарналғанжоспар

Жыл басынан орындалғаны

 

Орындалу көрсеткіші, %

га

текше метр

га

текше метр

Өтімді үйінділерді жинау

Сырдария филиалы

499,2

554

116,3

129

23

Түркістан филиалы

348,8

527

77,7

139

26,4

Су тораптарын тазарту

Сырдария филиалы

8,6

256

8,6

256

100

 

ЖАЛПЫ

856,6

1337

202,6

524

39,2

 



Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар.

І. Орманды молайту мен өсіру.

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бекітілген «2016 жылға арналған орман ұлғайту мен өсіру іс-шаралары» бойынша индикативтік жоспарға сәйкес орындалған іс- шаралар төмендегі кестеде көрсетіліп отыр:

жұмыс түрлері

өлшем бірлігі

жоспар

орындалғаны

көлемі

сомасы, мың тг

көлемі

сомасы, мың тг

1

Мәдени ормандарға ағаш отырғызу

га

76

852,0

76

852,0

2

2017 жылы мәдени ормандарға ағаш отырғызуға жер дайындау

га

77

164,0

77

164,0

3

Орман екпелерін күтіп-баптау

га

498

1739,0

498

1739,0

4

Орман екпелерін толықтыру

га

75

424,0

498

424,0

5

Орман тұқымбақтарында көшет өсіру

мың дана

2000

1773,0

2267,4

1773,0

6

Орман ағаштарының тұқымын жинау

кг

2200

561,0

2826

561,0

 

Жиынтығы

 

х

5513,0

х

5513,0

2016 жылдың қараша айында өңірлік табиғи парк бойынша 76 га жерге ағаш отырғызу және тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының №52 орамында 43 га жерге қатар аралығы 1,4 м х 2,8 м нобайымен 500 кг (сапалық сыныбы – ІІІ, куәлік №85, берілген күні 17.11.2016) қара сексеуіл тұқымы себілді, сондай-ақ Түркістан филиалы Балтакөл орманшылығының №46 орамында 33 га жерге 1 м х 4,2 м нобайымен 78 573 дана жіңішке жапырақты жиде көшеттері отырғызылды. Бүгінгі таңда, атқарылған жұмыстардың сапалылығы тексеріліп, техникалық қабылдау актілері жасалды.

2017 жылы ағаш отырғызу мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының №52 орамында мәдени орман өсіру жобасы негізінде 77 га жер 1,4 м х 2,8 м нобайымен агротехникалық талаптарға сәйкес айдалып, өңделді.

Ағымдағы жылдың наурыз және маусым, шілде айларында 2012, 2013 және 2015 жылдары өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария және Түркістан филиалдарының тоғай алқаптарына 498 га жерге отырғызылған мәдени орман екпелеріне күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, өңірлік табиғи парктің теңгеріміндегі көнімділігі төмен мәдени орман алқаптары көктем айларында 32,2 мың дана және күз айларында 105 мың дана қарағаш көшеттерімен толықтырылды.

2016 жылы өңірлік табиғи парк бойынша 2000,0 мың дана көшет өсіру жоспарланған. Жыл басында орман тұқымбақтарында 1492,4 мың дана ағаш-бұта көшеттері есепте болды, ағымдағы жылы 2267,4 мың дана көшет өсіріліп, жоспар 113,4 пайызға орындалды.

2016 жылы көктем және күз айларында мәдени орман екпелерін отырғызу, 2012, 2013 және 2015 жылдары отырғызылған мәдени екпелерін толықтыруға, сонымен қатар сатылу, есептен шығарылу және «Жасыл аймақ» мекемесінің теңгеріміне берілгеннен кейін 1376,7 мың дана әр-түрлі ағаш-бұта көшеттері 2017 жылдың 1 қаңтарына қалып отыр.

Орман тұқымдары істері

Есепті жылы филиалдардың тұқымбақтарына, мәдени орман алқаптарына себу үшін мына төмендегі ағаш тұқымдары жиналды:

— жай арша - 25 кг (10 кг І сынып, 15 кг ІІ сынып);

— емен - 50 кг (ІІІ сынып);

— соғды шағаны - 30 кг (І сынып);

— жиде - 750 кг (400 кг ІІ сынып, 350 кг ІІІ сынып);

— өрік - 350 кг (200 кг ІІ сынып, 150 кг ІІІ сынып);

— каштан - 20 кг (І сынып);

— қара сексеуіл - 500 кг (ІІІ сынып);

— қарағаш - 1100 кг (ІІІ сынып);

— сиверс алмасы - 1 кг (ІІІ сынып).

Барлығы - 2826 кг

Индикативтік жоспарға сәйкес 2016 жылы филиалдардың орман тұқымбақтарында 2200 кг әртүрлі ағаш-бұта тұқымдарын жинау жоспарланған. Бүгінгі таңда, 2826 кг әртүрлі ағаш-бұта тұқымдары жиналып, жоспар 128,5 пайызға артығымен орындалды.

Өңірлік табиғи парк бойынша жиналған ағаш-бұта тұқымдардың сапасы мен шығымын анықтауға Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқым мекемесіне жіберіліп, сапасы жөніндегі куәліктері алынған.

Сонымен қатар, 2326 кг ағаш тұқымдары орман тұқымбақтарының 5,39 га жеріне агротехникалық талаптарға сәйкес себіліп, техникалық қабылдау актілері жасалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айында өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдардың орман тұқымбақтарында жоспардан тыс жиде, тал, жабайы жүзім және терек ағаштарының қаламшалары отырғызылды.

Ағаш-бұта тұқымдары Арыс, Түркістан, Шардарақалаларындағы демалатын орындардан,Боралдай тау жоталарынан және көше бойларындағы өсiп тұрған ағаштарданжиналды.

Тұрақты орман тұқым учаскелері

Филиалдарда тұрақты орман тұқым учаскесі жоқ. Оның негізгі себебі тұқымбақтардың көлемінің аз болуы, сондықтан ағаш тұқымдары саябақтардан, аллеялардан ЕҚТА жерлерінен жинап алынады.

Орман тұқымбақтарының орналасуы

Боралдай филиалының тұқымбағы - Сүңгі бөлімшесі, №121 орам, Жарықбас ауылы маңында орналасқан.

Сырдария филиалының тұқымбақтары - Тақыркөл орманшылығы, Арыс қаласы маңында және Шардара орманшылығы, Шардара қаласының маңында орналасқан.

Түркістан филиалының тұқымбақтары - Шәуілдір орманшылығы, Жаңа шілік елді мекенінің манында және Қызылшаруа орманшылығы, №111 орам, Құсшы ата елді-мекенінің манында орналасқан.

ОРМАН ТҰҚЫМБАҒЫ

Филиалдардың есебiндегi орман тұқымбақтарында 2016 жылдың 1 қаңтарында есепте 1492,4 мың дана көшет болған. Ағымдағы жылы үш филиалдың тұқымбақтарында 2267,4 мың дана ағаш-бұта көшеттері өсірілді.

Оның ішінде:

— қарағаш 1681,3 мың дана;

— акация 2,07 мың дана;

— жай арша 32,03 мың дана;

— боз арша 2,52 мың дана;

— қарағай 3,0 мың дана;

— сиверс алмасы 3,5 мың дана;

— қарамала 23,1 мың дана;

— терек 3,1 мың дана;

— катальпа 5,19 мың дана;

— үйеңкі 257,3 мың дана;

— шаған 37,1 мың дана;

— айлант 8,7 мың дана;

— жиде 124,6 мың дана;

— өрік 76,7 мың дана;

— фисташки 6,3 мың дана;

— бұталы роза 0,06 мың дана;

— сирия розасы 0,3 мың дана.

Есепті жылы тоғай ормандарына мәдени орман екпелерін отырғызуға 43 га жерге 78,6 мың дана жиде көшеттері және 2012, 2013 және 2015 жылдары отырғызылған мәдени екпелерді толықтыруға 137,2 мың дана қарағаш көшеттері жұмсалды.

Өңірлік паркке қарасты Сырдария және Түркістан филиалдарының теңгерімінен «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне ақысыз түрде 430,8 мың дана көшет берілді. Аталған мекемеге беру үшін жаппай көшет қазу барысында тамыры кесілген және сынып жарамсыз болып қалған 30,9 мың дана әр-түрлі ағаш көшеттері есептен шығарылды.

Сонымен қатар, мектептер мен мекемелерге, әр-түрлі табиғат қорғау іс-шараларына 1,26 мың дана ағаш көшеттері жұмсалды. Филиалдардың орман тұқымбақтарынан 10,7 мың дана көшеттер мекемелер мен жеке тұлғаларға сатылды, барлығы 733,6 мың дана ағаш-бұта көшеттері қазылып алынды.

Күзгі түгендеу жұмыстары барысында стандартты деңгейден өсіп кеткен 123,3 мың дана әр-түрлі ағаш көшеттері есептен шығарылды.

Мәдени екпе отырғызу, мәдени екпелерді толықтыру жұмыстары мен сатылғаннан және есептен шығарылғаннан кейін 2017 жылдың 1 қаңтарына 1376,7 мың дана ағаш-бұта көшеттері қалды. Атап айтқанда:

— қарағаш 951,6 мың дана;

— акация 1,8 мың дана;

— өрік 67,9 мың дана;

— қарамала 16,5 мың дана;

— катальпа 5,1 мың дана;

— үйеңкі 212,0 мың дана;

— шаған 32,55 мың дана;

— жиде 46,0 мың дана;

— тал 0,5 мың дана;

— бұталы роза 0,06 мың дана;

— сирия розасы 0,3 мың дана;

— фисташки 6,3 мың дана;

— жай арша 30,0;

— боз арша 2,46 мың дана;

— қарағай 0,15 мың дана.

ІІ. Орманды қорғау мен күзету

Орманды қорғау мен күзету – орман өрттерінің алдын алу, орман ағаштарының заңсыз кесілуіне және ҚР басқа да Орман заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен, табиғи сипаттағы қолайсыз факторлардан қорғау болып табылады.

Өрт қауіптілігі категориясы бойынша тоғайлы алқаптар І-категорияға, ал Боралдай филиалының орман қоры жерлері ІІІ-категорияға жатқызылған.

ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы 16 ақпандағы «2016 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №6 санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 16 ақпандағы «2016 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №16-ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында 2016 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілді.

Осыған орай, өңірлік табиғи парк аумағында өрт қауіпті маусымға дайындық айлығында және өрт қауіпті маусым барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

— өрт қауіпті маусым алдында өңірлік парктің ЕҚТА жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркі» КММ-і,ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және ОҚО Төтенше жағдайлар департаментімен 2016 жылға арналған өзара бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілді;

— филиалдар мен бас мекемеде өңірлік табиғи паркке қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде 2016 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық айлығында өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді;

— бас мекемеге қарасты Боралдай филиалы бойынша Бәйдібек ауданы және көршілес Жамбыл облысының Жуалы және Сарысу аудандары аумағындағы, Сырдария филиалы бойынша Отырар, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы бойынша Отырар ауданы және Түркістан қаласы аумағындағы ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды;

— жергілікті атқарушы органдар, ауыл, қала әкімшіліктері және аудандық, қалалық төтенше жағдайлар мекемелерімен дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспары жасалды;

— бас мекемеге қарасты филиалдардағы орман өрт сөндіру станцияларының команда құрамы туралы бұйрықтары жасалып, мүшелері бекітілді;

— филиалдарда өрт сөндіру техникалары жүргізушілерінің, уақытша өрт сөндіру қарауылдарының тізбесі, телефондары және орналасу сызбасы жасалды;

— өрт қауіпті маусым барысында филиалдардың өрт қаупі аса жоғары аймақтарына кіруге уақытша шектеу қою жөнінде Арыс және Отырар аудандарының төтенше жағдайлар комиссия төрағасының өкімдері шығарылған;

— өңірлік парктің 2016 жылғы 22 ақпандағы «Мекемеге қарасты мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №18-ө бұйрығымен оқу жоспарының бағдарламасы бекітіліп, осы бойынша өңірлік паркке қарасты филиалдарда семинар сабақтары өткізілді;

— өрт қауіпті маусым қарсаңында бас мекеменің 2016 жылғы 11 наурыздағы №25-ө санды кезекшілік бұйрығы шығарылып, мекеме қызметкерлерінің кезекшілік кестесі түзілді, сондай-ақ орман өртін тіркеу журналы, демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік журналдары жаңартылып арналды;

— ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындар және ауыл орта мектептерімен 79 ерікті өрт сөндіру командалары (ЕӨСК) құрылып, қарамағына 784 азаматтар тіркелді;

— филиалдарға қарасты ЕҚТА аумағының өрт қауіпі жоғары аймақтарына 8 орман өртін сөндіру бекеттері ұйымдастырылып, тракторлармен, автокөліктермен, басқа да өртке қарсы құрал-саймандармен қамтамасыз етілді;

— 2016 жылдың индикативтік жоспарына сәйкес ЕҚТА жерімен шекаралас жердегі шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жинақталған құжаттары мен карта-сызбалары негізінде Сырдария филиалында 60 шақырым және Түркістан филиалында 50 шақырым, жалпы 110 шақырым жерде толық аяқталды;

— сонымен қатар, филиалдарда 70 шақырым жерде жаңадан минералды жолақтар жасалып, 1589 шақырым жерде минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 110 шақырым өртке қарсы жолдар жөнделді;

— ЕҚТА жерлерінде 204 дана бұрыңғы орнатылып, беттері жыртылған, сымтетік номерлері мен баптары өзгерген аншлаг пен паннолар жаңартылды;

— сондай-ақ, 18 дана радиобайланыс жүйелері қалпына келтіріліп, мемлекеттік инспекторлардың күзет көліктеріне жем шөптер алынды;

— ағымдағы жылдың 11 айында филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерімен шектесіп жатқан 173 шаруа қожалықтары және 56 елді-мекендермен орман өрттерінің алдын алу, орман өрті орын алған жағдайда бірлесіп сөндіру жөнінде келісім шарттар жасалынды;

— Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда өрт қауіпті маусым қарсаңында уақытша өрт қарауылдарын ұстауға 24 адам, уақытша өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндірушілерді ұстауға 8 адам жұмысқа қабылданды.

жұмыс түрі

өлшем бірлігі

жоспар

орындалғаны

орындалу көрсет-кіші, %

көлемі

сомасы, мың

көлемі

сомасы, мың

1

Өртке қарсы минералды жолақтарды жасау (жаңадан)

км

70

104,0

70

104,0

100

2

Өртке қарсы минералдық жолақтарды күтіп ұстау

км

1589

2496,0

1589

2496,0

100

3

Өртке қарсы жолдарды жөндеу

км

110

2949

110

1567

100

4

Өртке қарсы уақытша күзет ұстау

адам

24

7490

24

7490

100

5

Өрт сөндіру көлігі жүргізушілерін, орман күзеті қызметкерлерін оқыту

адам

22

174

22

174

100

6

Орман күзеті көлігін ұстау

бас

40

2554

40

1541

100

7

ОӨСС өрт сөндіру автокөлік жүргізушісін, өрт сөндірушіні ұстау

адам

8

2530

8

2530

100

8

Орман аурулары мен зиянкестеріне жер бетіндегі күрес жүргізу

га

700

794,0

700

457,1

100

9

Радио байланыс жүйесін құру

дана

18

114

18

102

100

10

Аншлаг жаңарту

дана

155

1028

155

690

100

11

Панно жаңарту

дана

49

49

100

12

Шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу

км

110

207

110

207

100

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

Үгіт насихат жұмыстары

— жергілікті тұрғындар мен демалушылардың өңірлік табиғи парк туралы толық ақпарат алу үшін ЕҚТА жерлерінде бұрынғы орман қорғау мекемесі кезеңінен келе жатқан және ӘҚБтК-нің өзгеруіне байланысты өңірлік табиғи парк кезінде қойылған 204 дана аншлаг пен паннолардың беттері көрнекі жапсырмамен жаңартылды;

— орман өрттерінің алдын алу, табиғатты аялап, қорғау жөнінде үгіт насихат жұмыстары шеңберінде жыл басынан БАҚ-да 212 мақала, 20 рет радио мен теледидардан сұхбат берілді;

— жергілікті тұрғындар, мектептер, ұжымдарда 147 рет баяндамалар мен әңгімелер өткізіліп, оған 2111 адам қатысты. Сондай-ақ, 4268 дана естеліктер мен үн-парақ қағаздары таратылды.

Орман өрттері

2016 жылы өңірлік табиғи парк аумағында орман өрті орын алған жоқ.

Өрт қауіпті маусым кезінде ЕҚТА жерімен шекаралас аймақтарда 22 рет өрт оқиғасы орын алып, өртті сөндіру жұмыстарына филиалдардан 235 қызметкер мен уақытша өрт қарауылдары және техникалар қатысты.

ІІІ. Орманды жанама пайдалану және сүрек дайындау.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақта жанама пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлалармен жасалатын келісім-шартта ЕҚТА ережелерінің, өрт қауіпіздігі және Орман кодексі бойынша талаптардың қатаң сақталуы көрсетілген.

Өңірлік паркке қарасты филиалдарда ағымдағы жылы жеке тұлғаларға жалпы 87 дана және заңды тұлғаларға 7 дана орман билеттері берілді, оның ішінде мал жайылымы бойынша 37 дана, шөп шабу бойынша 10 дана, бал арасын орналастыру бойынша 31 дана және мәдени-сауықтыру мен туристік-рекреациялық мақсатта 9 дана орман билеттері жазылып, бюджетке 1720,8 теңге түсті.

Филиал атауы

Барлығы

оның ішінде

Соммасы

Мал жаю

Шөп ору

Омарта орналастыру

Мәдени-сауықтыру

Боралдай

8

8

-

-

-

98,0

Сырдария

48

19

4

21

4

1 027,5

Түркістан

31

10

6

10

5

595,3

Барлығы

87

37

10

31

9

1720,8

2016 жылы ағаш кесуден сүрек дайындау

 

Филиал атауы

орманшылық (орам)

 

2016 жылға арналған жоспар

Жыл басынан орындалғаны

 

Орындалу көрсеткіші, %

 

га

текше метр

га

текше метр

Өтімді үйінділерді жинау

Сырдария филиалы

422,1

534

422,1

534

100

Байырқұм (3,4,9)

125,5

251

125,5

251

100

Тақыркөл (1,2,16,18)

210,2

143

210,2

143

100

Отырар (111,123,127,302)

86,4

140

86,4

140

100

Жол және газқұбырын тарту құрылысы кезінде орман учаскелерін тазарту

Сырдария филиалы

1,2

7,05

1,2

7,05

100

Шардара (349)

1,2

7,05

1,2

7,05

100

Жаппай санитарлық кесік

Түркістан филиалы

69,5

1723

69,5

1723

100

Қызылшаруа (2,23)

13,9

288

13,9

288

100

Балтакөл (6,8,9)

55,6

1435

55,6

1435

100

Іріктеп санитарлық кесік

Түркістан филиалы

81,5

112

81,5

112

100

Қызылшаруа (8,17,20,21)

81,5

112

81,5

112

100

 

ЖАЛПЫ

574,3

2376,05

574,3

2376,05

100