Фаунасы

ФАУНА МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

 

Түркістан және Сырдария филиалы

 

  Балықтар тобы.

Қазақстанда кездесетін балықтың 104 түрі болса, соның 40 түрі Сырдария өзенінде кездеседі. Оның ішінде 4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Тасбекіре – Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi, Шортан тәрізді ақмарқа – Aspiolucius esocinus, Қаяз (аралдық) – Barbus brachycephalus, Қаяз (түркістандық) – Barbus capito.

  Бағалы кәсіптік балықтардан ақ амур, ақмарқа, аралдық қаяз, табан, сазан, дөңмаңдай балық, жайын, және кәдімгі көксерке кездеседі.

 

image001image002
Тасбекіре – Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoiШортан тәрізді ақмарқа – Aspiolucius esocinus

 

image003

 

image004

Қаяз (түркістандық) – Barbus capitoҚаяз (аралдық) – Barbus brachycephalus

 

 

Қосмекенділер тобы - Amphibia

Республика аумағында қосмекенділердің 12 түрі кездесетін болса, оның 3 түрі парк аумағында кездеседі. Оның бір түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Данатин бақасы – Bufo danatensis.

 

Даната құрбақасы(Bufo danatensіs), құйрықсыздар отрядықұрбақалартұқымдасына жатады. Дене тұрқы56 – 67 мм, салмағы16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл.Жасыл құрбақаданерекшелігі – дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасыбиологиялықтаксонретінде ғылымға1978жылдан белгілі.Түрікменстанныңоңтүстік-батысында орналасқан  Кюрендаг  тауындағы  Данатабұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. ҚазақстандаОңтүстік Қазақстан,Алматы,Шығыс Қазақстан облыстарыныңсуқоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында2,0 – 4,5 мыңуылдырықшашады, олар 3 тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі:құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар жәнежұлдызқұрттар.Қазақстандағы таралу аймағы толық анықталмаған, сан мөлшері белгісіз. Қорғауға алынып,Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген.

image005

Данатинская жаба

 

Бауырымен жорғалаушылар тобы - Reptilia.

 Қазақстан аумағында бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі кездессе оның 29 түрі парк аумағында тіршілік етеді. Оның 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Олар: Сұр келес–(Varanus griseus) және Сары жылан–(Ophisaurus apodus).

 

image006image007
Сұр келес–(Varanus griseus)Сары жылан–(Ophisaurus apodus)
image008

Ортаазиялық тасбақа

 

Ортаазиялық тасбақа Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Аналығының ұзындығы 20см, салмағы 2,5кг, аталықтары кішілеу. Сүйекті сауыты қауіп төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы. Ол құрлық тасбақаларын жыртқыштардан жақсы қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанған. Сауыты қатпаған кезде , жас құрлық тасбақаларын қарғалар да шоқып тастайды. Жағындағы мүйізді қаптары өсімдіктермен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрлық тасбақалары не бары 3-4 ай, наурыздың соңынан маусымның соңына дейін, көбіне күндіз белсенді, қалған уақыттарында құмға 2м тереңдікке дейін көміледі де, ұйқыға кетеді. Сәуірде шағылысады. Аналығы сәуір-мамыр айлары аралығында екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады. Олар көбіне құстар мен жыртқыштардың қорегіне айналады, сондықтан шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады. Жұмыртқаны жарып шыққан жас тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді

 

  Құстар тобы - Aves.

  Қазақстан аумағында құстардың 488 түрі мекендесе, оның 54(11,4 %) түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Парк аумағында құстардың 309 түрі кездессе, оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Аңшылық құстардың 53 түрі кездеседі.оның ішінен 14 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген және бұл құстар аңшылық құстарына жатпайды.  Парк аумағында мекендейтін құстардың 261 – жыл құстары,14 –  ұшып келгендері, 75-қыстап қалатын құстар, 155-ұя салатын құстар, 33 түрі отырықшы құстар. 

 

image009image010
Қызғылт бірқазан Бұйра бірқазан

 

 

image011

 

 

image012

Қара дегелекКәдімгі қоқиқаз

 

 

image013

 

 

image014

Балықшы тұйғынЖыланжегіш қыран

 

 

image015

 

 

image016

Бүркіт Ителгі

 

 

image017

 

 

image018

ЛашынТырна

 

 

image019

 

 

image020

АқтырнаБезгелдек

 

 

image021

 

 

image022

Қоңыр кептер Үкі

 

 

Сүтқоректілер тобы.

  Парк аумағында сүтқоректілердің 56 түрі мекендейді, ал республика аумағында 179 түрі кездеседі. Парк аумағында тіршілік ететін сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген Олар: Ақбауыр жарқанат – Otonycteris hemprichi. Кең құлақты жарқанат (Tardarida teniotis), Тас сусары (Martes foina), Тоғай бұғасы (Cervus elaphus bactrianus) Үнді жайрасы (Hystrix indica), Каратау архары (Ovis ammon nigrimontana) Шұбар күзені (Vormela peregusna).  Сүтқоректілердің 56 түрінің 17 түрі аңшылық нысаны болып табылады: ақбауыр жарқанат, кең құлақты жарқанат, шұбар күзен, сабаншы, қарақұйрық, тоғай бұғысы. Осылардың ішінен 5 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Сүтқоректілердің санына қарай 3 топқа бөлуге болады: бірінші топқа саны көп түрі 8, екішші топқа саны орташа, орташа -32 түрі, үшінші топқа – сирек 16 түрі жатады.  Өмір сүру деңгейіне байланысты 3 топқа бөлуге болады: жыл бойына белсенді – 33 түрі, қыс ұйқысына кететін – 23 түрі,  өсіртенетін немесе көшіп қонатын – 14 түрі.  

 

image023image024
Бұхар бұғысыҚарақұйрық 
image025image026
ҮндіжайрасыСабаншы 
image027image028
Шұбар күзенКең құлақты жарқанат
image029
Ақ бауыр жарқанат

 

 

Боралдай филиалы

 

Ихтиофауна. Қаратау өңірінің өзендері жаз мезгілінде құрғап қалады. Мұнда 2 түрлі балық тірнішік етеді: кәдімгі маринка - Schizothorax intermedius Me Clelland и серый голец - Noemacheilus dorsalis (Kessler).

Амфибия. Қазақстанда кездесетін қосмекенділердің 12 түрінің тек үшеуі ғана кездеседі: жасыл құрбақа (Bufo viridis), көлбақа (Rana ridibunda) және Певцов құрбақасы (Bufo pewzowi). Бір түрі Певцов құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

 

 image030

Көлбақа

 

Фауна рептилий отличается сравнительно большим разнообразием. Из ящериц представлен серый геккон - Mediodactylus (ранее Cyrlopodion) russowii, пустынный гологлаз - AbJepharus deserti и быстрая ящурка - Eremias velox. Змеи (Ophidia, или Serpentes) представлены следующими видами: узорчатый полоз - Elaphe dione, разноцветный полоз - Hemorrhois (ранее Coluber) ravergieri, водяной уж - Natrix tessellata, обыкновенный щитомордник (или Щитомордник Палласа) - Gloydim (ранее Agkislrodon) halys и восточная степная гадюка - Vipera renardi (ранее Vipera ursinii). Среднеазиатская черепаха (Agrionemys horsfieldi) обитает в нижнем поясе гор.

 

Из обитающих в регионе проектируемого регионального парка рептилий, в Красную книгу включен 1 вид - желтопузик (Ophisaurus apodus). К ценным ресурсным видам относится среднеазиатская черепаха.

 

Орнитофауна. хр.Боралдай   представляет собой вариант комплекса птиц, населяющих западный Тянь-Шань.   Предположительно, здесь может быть отмечено до 75 видов птиц (Губин, Карпов, 2000). В том числе для 35 - 40 видов вероятно гнездование.

 

image031

Құрқылтайдың ұясы

     Құстардың 309 түрі тіркелген, оның ішінде 40 түрі Қызыл кітапқа енгізілген құстардың 15 түрі индикаторлық түрлерге жатқызылған.  

Боралдай филиалында сирек мекендейтін сүтқоректілер, Қызыл кітапқа енген 5 түрі (2010 жыл)бар

 

Тас сусары (лат. Martes foina) — жыртқыштаротряды, сусар тұқымдасына жататын жануар. Үлпілдек жүнді, жылтыр, қара қоңыр түсті. Төсі ақ, бірден көзге түседі. Дене тұрқы 39-50 см, құйрығының Ұзындығы 23-29 см, салм. 1,5 кг. Қорегі — тышқан тәрізді кемірушілер, ұсақ құстар, жазда — жәндіктер. Қыста жеміс-жидектермен қоректенеді. Қорегін түнде, кейде күндіз аулайды. Маусымшілдеде ұйығады. 236-275 күннен кейін 2-5 соқыр, саңырау шақалық туады. Олар 30-36 күннен кейін көзін ашады және естиді. Жыныстық жағынан 1516 айда жетіледі. Терісі өте бағалы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996)

image036

Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica) - сирек, таралу аймағы тарылып, саны азайып жатқан кеміргіш. Оңтүстік  Қаратауы мен Шу-Іле тауларында таралған. Тау бөктерлерінің тілімделген учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі теңіз деңгейінен 2000 м - ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының негізгі себептері - қалың қар, топырақ бетінің терең қатуы, адам баласының шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы хайуанаттар паркінде 1982және 1983 жылдары өсіп-өнді. Таралуы мен сан мөлшерін анықтау қажет

image037

Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткішекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

image038

Кеңқұлақты жарқанат (лат. Tadarida teniotis) -сүтқоректілер класы,  қолқанаттылар  отрядының иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Оңтүстік Еуропа мен Солтүстік Африкадан бастап, Оңт.-шығыс Қытай мен Жапонияға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда 3 жерден: Піскем өз-нің бойынан, Шақпақ асуынан және Қаратаудағы Ақмешіт әулие үңгірінен табылған. Таулы жерлердегі үңгірлерді мекендейді. Топтанып тіршілік етеді. Кеңқұлақты жарқанат – Қазақстанда кездесетін жарқанаттардың ішіндегі ең ірісі: дене тұрқы 81 – 92 мм, қар сүйегінің ұзындығы 57 – 63 мм. Құлақ қалқаны жалпақ, кең. Әуеде өте шапшаң ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, бір жарқанат туады. Кеңқұлақты жарқанат тың тіршілігінің көп жағы ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).

image028

Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жаткызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның әтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған.

Қазақстанныңтаулы жерлерін (Жоңғар  Алатауын Тарбағатайды,  Алтайды,  Сарыарқаны,  ҚаратаудыҚызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар:

image040

Алтай арқары,

Қызылқұм арқары,

Қазақстан арқары,

Тянь-Шань арқары,

Қаратау арқары

Үстірт арқары

Соның ішінде: 

Қаратауарқары   Боралдай филиалында  

- кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көдебидайыққоңырбасбетегеқияқ,күйреуікжусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар менмеринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.

 

image032

Бір топ қаратау архары

 

     Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) сүтқоректілер класының  жұптұяқтылар   отрядына жататын жануар. Боралдай және Түркістан филиал аумақтарында кездеседі. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынанжелтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқаөсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді

image033

 

Борсық (лат. Meles meles) — сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан. Боралдай филиал аумағында көптеп кездеседі. Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын, майда жәндіктерді жеп қоректенеді. Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады. Борсық ін қазады, ұрғашысы қыстың аяғында 2—6 күшік табады. Терісінен ішік, қылшығынан щетка жасауға болады; халық арасында оның майын көксау ауруға даруға береді, оны басқа да қажеттерге жұмсайды. Етін де жеуге болады.

Борсық — сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

 

image035