Сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар

Бас мекеменің 25.09.2017 жылғы №70 і/с бұйрығын басшылыққа алып, ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мамандары сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Отырар аудандық ішкі істер қызметкерлерімен бірлескеп рейд жүргізіп, кесім түзілді. Заң бұзушылық оқиғалары анықталған жоқ.

Рейдтік шолу барысында Қызылшаруа орманшылығының 23 орамында заңсыз рұқсатсыз жүрген 4 азамат ұсталып, 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 380 бабымен хаттама толтырылды. 2 азаматқа ЕҚТА аумағына рұқсатсыз кіруге болмайтындығы туралы ауызша ескертілді.

Түркістан филиалына қарасты аумақтарда жабайы аң-құстардың есебі жүргізілді. Балтакөл, Қызылшаруа, Шәуілдір орманшылықтарында қырғауыл, қарға, сауысқан, кептер, баклан, үйрек секілді құстар есепке алынып суреттерге түсірілді.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту