«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» тұқымбағындағы бұқар бұғыларының басы 146 басқа жетті

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалындағы бұқар бұғыларының тұқымбағы, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, киелі Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына, осы киелі Түркістан жерін, орман тоғайын сұлуландырып, жануарлар әлеміне ерекше гүлдендірер сипат әсем түр келбет беретін, Бұқар бұғыларын көбейтіп, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 8 (сегіз) бас Бұқар бұғысын сыйға тартуымен ұйымдастырылған болатын. Бұқар бұғысы 1950 жылдарға дейін Сырдария өзенінің жайылмасындағы тоғайларда тіршілік етіп, антропогендік факторлардан жойылып кеткен. Жануарлардың бұл түрі Қазақстанның және Халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітаптарына енген.

Он жеті жылда басы жыл сайын өсіп биылғы 20 бас бұзауды қосқанда 146 басқа жетті. Оның 44 басы аналық, 59 басы аталық, ал 43 бас былтырғы биылғы жас бұзаулар. Мұның ішінде 78 басы ішкі қоршауда оның (ауданы 20 га) , ал 68 басы сыртқы қоршауда (ауданы 323 га) бір жағы темір тормен, қалған жері табиғи Сырдария өзенімен қоршалған бұғы түбекте. Өңірлік парктің қызметкерлері тарапынан тоғай бұғыларын қосымша азықтандыру, ветеринарлық бақылау шаралары жүргізіліп, олардың өсіп-дамуы видео және фото-фиксаторлар арқылы бақылануда.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту