Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлері «ONTUSTIK TOURISM CENTER» орталығының оқу курсынан өтті

2016 жылдың 16 қарашасында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының «ONTUSTIK TOURISM CENTER» Туристік Ақпараттық Орталығы ұйымдастырған – қонақтармен жұмыс жасау оқу курсына қатысты. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының «ONTUSTIK TOURISM CENTER» Туристік Ақпараттық Орталығы КММ-нің директорының м.а. Ж.Тулебеков «қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын мұражай, табиғи парктер және қорық қызметкерлеріне арналған оқу курсынан өткендігі туралы» Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің меңгерушісі Н.Жұмағұлованы, экоағарту маманы А.Оспанованы сертификаттармен марапаттады.