Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының экологиялық жоба жөніндегі топ мүшелерінің болуы

Ағымдағы жылдың Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының аясында «Бағалы орман жүйелерін орнықты басқару» жобасы бойынша дайындық сатысында жобаның халықаралық үйлестірушісі – кеңесшісі Джош Бран бастаған топ (құрамында Климанова Ольга, Садық Бахтияр, Матенов Ернат, Вагипов Рустем, Илиясова Алия) Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркінің Сырдария өзенінің бойындағы тораңғы ормандарында болып, олардың қорғалуы, пайдаланылуы жағдайымен танысты. Жобалау аймақтарының яғни өңірлік парктің қызметіне байланысты, жер пайдаланушылар туралы қосымша ақпараттар алды. Тоғай ормандары және өңірлік аумағындағы биологиялық алуантүрліліктің негізгі сипаттарымен және олардың жағдайына кейбір антропогендік және табиғи факт орлардың әсерімен танысты.

Алдағы кезде аталған жоба аясында өңірлік парктің аумағында биологиялық алуантүрлілікті қорғау, күзету және молайту, сақтау мақсатында тиісті шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар алынатын болды.