Өңірлік парктің қызметкерлері Қазақстан Республиканың Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесінің қарсаңында мемлекеттік наградалар алды

Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін бірқатар жетістіктерімен қарсы алды. Орман шаруашылығы саласында индикативтік жоспардағы көрсеткіштер орындалып, орман өртіне жол берілмеді. Көптеген демалыс орындары ұйымдастырылып, туризмді дамыту шаралары жандана түсті.

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің құрметіне еңбектегі табыстары үшін өңірлік парктің бас директоры Б.М.Мошқалов, Түркістан филиалының бұғышысы М.Ш.Жүзеев, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Е.Х.Төлеміс ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медальдарымен наградталды.

Өңірлік табиғи парктің қызметкерлері ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы М.Отаршиевтің мақтау грамоталарымен марапатталды.