Өңірлік табиғи паркінің қызметкерлерінің М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен дәрістер өткізілді

Ағымдағы жылдың 8-9 ақпан күндері Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері студенттердің табиғат аясында өсімдіктер мен жануарларды зерделеу нәтижесінде өздеріне қажетті сапалы ақпараттарды алып, тәжірибелік біліктілігін арттыру мақсатында жоғарғы оқу орынымен келісім-шарт жасады. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Биология», «Туризм» кафедраларымен келісім-шарт жасалып, студенттерге өңірлік табиғи парк туралы, парктің атқарылған жұмыстары жайлы дәрістер өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.