Мектеп орманшылығы ағаш егу жұмыстары жүргізуде

Ағымдағы жылдың наурыз айының 13 күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Шымкент қаласындағы Молда Мұса атындағы № 5 жалпы орта мектебімен келісім шартқа тұрды. Осы келісім шарттың негізінде мектеп орманшылығына 14 оқушы қабылданды. Өңірлік парктің қызметкерлері Молда Мұса мектебінде оқулармен бірге отыз арша ағашының көшеті отырғызылды.

Мектеп орманшылығының мақсаты жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға, құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеріп, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.