«Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-і «Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні қарсаңында бас мекеменің интродукциялық ботаникалық учаскесіне 23 дана, оның ішінде магнолия, писарда өрігі, жапон айвасы, гортензия, сакура, аққайың, декоративті тұт ағашы, ирелең қарағаш, альбиция, багрянник, хилокатальпа, адамово ағашы, испандық дрок, юка, пузиреплодник, барбарис, үнді сирені, бульденеж, буддлея және гибискус секілді ағаш-бұта көшеттері арнайы қазылған шұңқырларға отырғызылды, іс-шараға жалпы 14 адам қатысты.

Сонымен қатар, филиал кеңселерінің аулаларына, демалыс орындарына, орман тұқымбақтарына және кордондардың айналасына Боралдай филиалы бойынша 40 дана шығыс туясы, 25 дана қарағаш, 20 дана өрік көшеттері мен 2000 дана терек қаламшалары отырғызылып, іс-шараға12 адам қатысты, Сырдария филиалы бойынша 100 дана қарағаш, 15 дана шығыс туясы және 60 дана үйеңкі отырғызылып, іс-шараға 15 адам қатысты. Сондай-ақ, Түркістан филиалы бойынша 1250 дана грек жаңғағы, 520 дана шығыс туясы отырғызылып, іс-шараға 18 адам қатысты.