«Парктер шеруі – 2018» табиғат қорғау акциясы аясында 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ұйымдастыруымен 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында өтті.

Іс – шараның басты мақсаты– оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.

Сайысқа Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен Мақтарал, Сарыағаш, Төлеби, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек, Шардара, Түлкібас, Созақ, Сайрам аудандары мектептерінің 6-10 сынып оқушылары қатысты.

Сайыс қорытынды бойынша

І орын «Көркем табиғат» Қазығұрт ауданы, Қызылдала жалпы орта мектебі;
ІІ орын «Қыран» Түркістан қаласы, Хамза жалпы орта мектебі;
ІІ орын «Аққулар» Шардара ауданы, Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебі;
ІІІ орын «Бүркіт» Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта мектебі;
ІІІ орын «Қыран» Созақ ауданы, С.Әліұлы жалпы орта мектебі;
ІІІорын «Лашын» Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова жалпы орта мектебі иеленді.

2018 жылғы 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған«ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысысоңында Экологиялық орталығының директоры Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызы және Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы «Табиғат және біз» және «Көрермен көзайымы»номинациялары бойыншаАрыс ауданы«Лашын» және Бәйдібек ауданы «Аққу» командаларына, дипломдар, арнайы сыйлықтар және жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етті.

 

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту