«Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың сәуір айының 6 күні Түркістан филиалы, Түркістан қаласы, Ораңғай ауылдық округі, Құсшы Ата елді-мекені, М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінде «Парктер шеруі - 2018» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Парктер шеруінің басты мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту болып табылады.

Аталған акцияға М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінен 3 команда қатысты:

1 команда: «Барыс» командасы;

2 команда: «Тұлпар» командасы;

3 команда:«Тұран» командасы.

«Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясы аясында бірнеше кезеңдерден тұратын сайыс ұйымдастырылды.

1 кезең: Сәлемдесу «Сәлем сөздің анасы» атты сайысы.

2 кезең: Табиғат туралы өлеңдер мен шығармалар сайысы.

3 кезең: «Табиғат анамыз, өзіңнен денсаулық аламыз» атты викториналық сайысы.

4 кезең: «Қолөнер-сырлы өнер» (макеттер) сайысы.

«Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясының соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қоғаммен байланыс жасау маманы А.Жанконсова қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар «Парктер шеруі -2018» акциясы "Менің талым" атты ағаш егу акциясы бойынша жалғасты. Аталған мектептің 1 сынып оқушылары өз қолдарымен 40 түп боз арша ағаштарды отырғызды.

 

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту