Мирас университетінің студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың сәуір айының 13-ші жұлдызы күні Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері өңірлік табиғи парктің бас мекемесінде «Мирас» университетінің биология мамандығы бойынша бірінші курс студенттеріне Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парктің құрылымы туралы таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Өңірлік табиғи парктің филиалдары, флорасы фаунасы туралы ақпараттар беріліп, өңірлік табиғи парк жайлы түсірілген бейнефильмдер көрсетілді.Бас мекеме аумағында орналасқан интродукциялық ботаникалық учаскесіне, декоративті ағаш-бұта көшеттері алаңы, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің лабораториясы ондағы гербарий қоры, энтомологиялық коллекциясымен таныстырды. Сонымен қатар бас мекемеде студенттермен музейде таныстыру жұмыстары жүргізілді.