«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын іс-шалар жоспарына сәйкес «Қызғалдақтар күні» фестивалі ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылы, Теректі демалыс аймағында өтті.

Акцияның басты мақсаты жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеру.

«Қызғалдақтар күні» фестивалі қатысушылардың ағаш егуімен басталды.

Фестивальде бірнеше кезеңдерден тұратын сайыс ұйымдастырылып, аталған сайысқа Бәйдібек аудандық білім беретін мекемелері мен Облыстық экологиялық орталықтың тәрбиеленушілері қатысты:

1 команда: Л.Өтешов атындағын.о.м-нің «Табиғат қорғаушылары» командасы;

2 команда: Алмалы ж.о.м.-нің «Болашақ жастары» командасы;

3 команда: Облыстық экологиялық ортылығының «ЭкоСтоп» командасы;

4 команда: Ақтау ж.о.м.-нің «Гүлдер» командасы.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған сайыстарда Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Б.Мошқалов, Алғабас Шаян газетінің редакторы А.Әділбеков, Южный Казахстаноблыстық қоғадық-саяси газетінің тілшісі Игорь Лунин, Облыстық экологиялық орталықтың директоры Ұ.Қамытбекова қазылар құрамында болды.

«Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясының ашылуы Бәйдібек ата ауылының қариясы Серғазиев Жұмаш мырзаның құттықтау сөздерімен басталды.

«Қызғалдақтар күні» фестивалінде ұйымдастырылған сайыс кезеңдері:

1-кезең: "Сәлемдесу", командалардың таныстыруы;

2-кезең: "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы" өнер сайысы;

3- кезең: "Табиғат анамыз, өзіңнен денсаулық аламыз" векториналық сұрақтар сайысы;

4-кезең: "Қызғалдақтар әлемі" бұйымдар сайысы.

«Қызғалдақтар күні» фестивалінің соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы, Облыстық экологиялық орталықтың директоры Қамытбекова Ұлжан ханым қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

1-орынды Облыстық экологиялық орталықтың «ЭкоСтоп» командасы;

2-орынды Алмалы жалпы орта мектебінің «Болашақ жастары» командасы иеленді;

3-орынды Л.Өтешов атындағы негізгі орта мектебінің «Табиғат қорғаушылары» командасы;

Сайыста «Жас табиғаттанушы» номинациясымен Ақтау жалпы орта мектебінің «Гүлдер» командасымарапатталды.

Парктер шеруі салт-дәстүрлерді насихаттаумен жалғасып, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылды.

Көрмеде: құрт жасау, таба нан жабу, күбі пісу, құрақ құрау, көже, бауырсақтар пісірілді. Қазақы нақышта тұсау кесер рәсімі көрсетілді.

Аталған іс-шараға жалпы97 адам қатысты. Аталған іс шараға қонақ ретінде Облыстық экологиялық орталықтың директоры, Боралдай ауылдық округінің әкімдігі, Бәйдібек ата ауылының қариялары мен тұрғындары, Бәйдібек ауданының Алғабас Шаян аудандық газетінің редакторы,бұхаралық ақпарат құралдарынан "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті, «Отырар» телеканалы және "Оңтүстік Рабат" газеті, «Туран ТВ» республикалық телеканалдарының тілшілері қатысты.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту