Қорықта және ЕҚТА-да биоалуантүрлілікті зерттеу бағыттары

«22 мамыр – Халықаралық биологиялық алуан түрлілігін сақтау күніне арналған», «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 25 мамырында «Қорықта және ЕҚТА-да биоалуантүрлілікті зерттеу бағыттары» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар барысында ерекше қорғалатын аумақтарда жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар талқыланып, алдағы зерттеу бағыттарының мәселелері қарастырылды.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау (АСБК) қоғамынан келген маман қоғамның жобаларымен таныстырып, ақпарат берді. Сырдария-Түркістан МӨТП-нің кіші ғылыми қызметкері Н.Төре және басқада Ақсу-Жабағылы МТҚ, Сайрам-Өгем МҰТП мамандары қызу талқылау барысында мұндай семинарлардың қажеттілігін атап, ғылыми жұмыстарға жаңа серпіліс беретінін айтып білдірді.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту