«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы

2014-01-30-1«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін,  құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу»  айлығын жариялады.
2014 жылдың ақпан айының 1 – 28 күндері аралығында жүргізілетін сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу  айлығын өткізу туралы іс – шара жоспары бекітілді.
Іс – шараның басты мақсаты – өңірлік табиғи парк ҚР Қызыл кітабына енген және бағалы Бұхар бұғысын,  Қаратау архарын, үнді жайрасын, тас сусарын, шұбар күзенді, бүркітті, және тағы да басқа аң – құстарды қорғау жұмыстарын жүргізу, ЕҚТА жерінде және аңшылық апқаптарда аң – құстарды аулауға жол бермеу, орман және аң аулау ережелерінің заң бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау жұмыстарын жүргізу. 

Толығырақ...

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күніҚазақстан Республикасының 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс 2013 жылдың желтоқсан айының 13 күні мекемеде салтанатты  түрде аталып өтті. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, құттықтау сөздер айтылды. Тәуелсіздік мерекесіне арнап, бейне түсірілім дайындалып, көрсетілді. Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Н.Жұмағұлованың «Тәуелсіздік мерекесі» атты тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Б.Спанов «Тәуелсіздік тұғырым» атты өзі шығарған өлең шумақтарын оқыды.

Толығырақ...

«Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың әлеуеті мен келелі мәселелері» атты семинар

Индустрияландыру2013 жылдың 9-желтоқсан күні болған «Индустрияландыру» күні қарсаңында 2013 жылдың 18-22 қараша аралығында туризм апталығы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың әлеуеті мен келелі мәселелері» тақырыбында өткізілген семинар кеңесі өтті. Бұл семинар кеңеске Туризм, рекреация және экоағату  бөлімінің бастығы  Н. Жұмағұлова  қатысты.

Президент күні

Президент күні2013 жылдың қараша айының 29 жұлдызында 1 желтоқсан «Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиналысы өтті. Жиналыс мемлекеттік Әнұранды орындаумен ашылып, мекеме басшысы Б.Мошқаловтың  құттықтау сөзі тыңдалды. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Е. Төлемістің мерекеге арналған «Бірінші Президент мерекесі – халықтық мереке» атты тақырыпта доклады тыңдалды. Сондай – ақ, ғылыми қызметкер З. Орынбеков пен экоағарту маманы М.Маликованың Елбасыға аралған өлең шумақтары тыңдалды. Сонымен қатар,  бас мекеме және филиал қызметкерлері Бас директор Б.Мошқаловтың және ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Б.С.Қуандықовтың құрмет грамоталарымен марапатталды.

Толығырақ...

Менің туған өлкем атты туристік фестивалі

Менің туған өлкем2013 жылдың қазан айының 10 күні Оңтүстік Қазақстан облысының Туризм басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің туған өлкем» туристік фестивалі өтті. Фестивалға Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі қатысып, сертификатпен  марапатталды.

 

 

"Табиғат тіршілік аясы" атты табиғат қорғау акциясы

Новости сайта 2 122013 жылдың 8 қазан күні мекеменің Боралдай филиалында, Теректі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан 67 орам №9 айналымда, Байқалмақ қойнауында «Табиғат- тіршілік аясы» атты табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, « Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының» құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының нәтижесін көрсету болды. Іс-шара барысында, акцияның тақырыбына сәйкес қол өнер бұйымдарынан, Боралдай филиалының алқабында сирек кездесетін ағаш түрлерін көбейту, жерсіндіру мақсатында жиналған ұрықтары мен мекеменің кітапхана қорындағы кітаптардан, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтарға Қостұрадан естелік ретінде фото сурет (10 дана), (200 дана) мекеме туралы қысқаша түсіндірме парақтары, мекеме атауы мен акцияның эмблемасы рәсімделген кепка және значоктар таратылып, тіркеу журналына тіркелді.

Толығырақ...

Жас экологтар слеті

Жас экологтар слетіне2013 жылдың қыркүйек айының 11-13 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Экологиялық орталығының ұйымдастырумен өткен 3 күндік «Жас экологтар слетіне» бөлімнің экоағарту маманы М.Маликова қазылар алқасыың мүшесі болып қатысып, «Жас экологтардың» өнерлерін бағалады. Көптеген   жастар өздерінің дарындылығын, өнерлігін көрсете білді. Содан Облыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның «Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, баланың жеке ақыл-ой санасын, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және облыстық 3 күндік Жас экологтар» слетін ұйымдастыруға ат салысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Толығырақ...

Конституция күні

Конституция күніҚазақстан Республикасының  30 тамыз «Конституция күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс 2013 жылдың тамыз айының  29  күні мекемеде салтанатты  түрде аталып өтті. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, мекеме басшылары құттықтау сөздер айтты. «Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту» бөлімінің бастығы А. Қырықбаев  «Конституция күні» атты тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып,  «Жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту» бөлімінің бас маманы Б.Керімбеков өлең шумақтарын оқыды.   Мекеменің бірқатар қызметкерлері бас директор Б.Мошқаловтың  марапаттау қағазына ие болды.

Толығырақ...

Тау фестивалі

Тау фестивалі2013  жылдың шілде айының 26-27 күндері мекеменің экоағарту маманы Маликова Маржан Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен  Оңтүстік Қазақстан облысы жастары арасында экотуризмді дамытуға арналған жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тау фестивалі» экологиялық жастар лагерінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» жөнінде өткізілген семинар-тренингке аудан жастарына дәріс оқыды.