Облысқа сіңірген еңбегі үшін
- Толығырақ
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Сырдария филиалы директорының орынбасары Жарылқапов Исабек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың 2014 жылғы 28 сәуірдегі №1-104ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жарылқапов Исабек осыған дейін бірнеше рет орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрмет грамоталарымен және Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.
«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы
- Толығырақ
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін, құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығын жариялаған болатын.
Іс – шара жоспарына сәйкес өңірлік табиғи парк аумағында 52 рет рейд жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Сырдария филиалында 30 рет, Түркістан филалында 15 рет, Боралдай филиалында 7 рет.
Бірлескен іс – шаралар өңірлік табиғи паркта
- Толығырақ
Өңірлік табиғи парк Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе жұмыс жасауда. 2014 жылдың 19 қазан күні Туризм, рекреация және экоғарту бөлімінің қызметкерлері Экологиялық орталықтың оқушыларының қатысуымен семинар тренинг өткізді. Семинар «Парктар неге керек?» тақырыбымен басталды. «Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Сол мақсатта осы парк қызметкерлері жұмыс атқаруда. Парктарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау , табиғатты қорғап, аялау керектігі айтылды.
Табиғатты сүю – сәбилік кезден басталады.
- Толығырақ
Дана халқымыз тәрбиені жас жеткіншек кезден бастау керектігін айтқан. Көк жас шыбықты қалай исең солай өседі. Сондықтан, өңірлік табиғи парк Туризм рекреация және экоағарту бөлімінің қызметкерлері табиғатты сүйе білуді үйретуді бала бақшадан бастағанды жөн көрді. 2014 жылдың ақпан айының 17 күні Шымкент қаласындағы № 118 «Әсел» бөбекжай балабақшасында мектепалды даярлық және ерексек топтардың балаларының қатысуымен «Табиғатты аяла» атты тақырыппен танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат үлкен көлемді экранмен Табиғатты қорғау туралы танымдық тәрбиелік мәні бар бейнефильммен басталды. Бейнефильмде балаларға өңірлік табиғи парк аумағындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, аң – құстар, жануарлар таныстырылып, олардың қандай пайдасы бар екені айтыла кетті. Сондай – ақ парк аумағындағы табиғаттың әсем де көрікті жерлері көрсетілді. Орманды өрттен қорғау туралы кеңінен жас сәбилерге түсінікті тілде түсіндірілді. Сол арада «Орман ән салсын десек» мультипликациялық фильмі көрсетілді.
Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңі
- Толығырақ
Өрт қауіпті маусым алдында орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік саябағы» КММ-і, ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы және ОҚО Төтенше жағдайлар департаментімен 2014 жылға арналған өзара бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Осы шараның аясында:
- филиалдардың өрт қауіпті маусым алдындағы дайындығына тексеру жүргізу, кемшіліктерге талдау жасау;
- орман өртінің алдын алу мақсатында бір айлық өртке қарсы дайындық айлығы іс-шарасын өткізу;
- орман өрттерінің алдын алу, бірлесіп сөндіру, мерзімінде құзырлы органдарға хабарлау, кінәлілерді анықтау;
- дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспарын жасау;
- орман өрттеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
- орман өрті мен зиянкестеріне қарсы атқарылатын іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалына бақылау жасау;
- филиалдарды орман қоры жерлерінде өрттің алдын алу мақсатында демалушылар мен орман пайдаланушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулар беру және т.б. жұмыстар атқару көзделуде.
«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы
- Толығырақ
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін, құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығын жариялады.
2014 жылдың ақпан айының 1 – 28 күндері аралығында жүргізілетін сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу айлығын өткізу туралы іс – шара жоспары бекітілді.
Іс – шараның басты мақсаты – өңірлік табиғи парк ҚР Қызыл кітабына енген және бағалы Бұхар бұғысын, Қаратау архарын, үнді жайрасын, тас сусарын, шұбар күзенді, бүркітті, және тағы да басқа аң – құстарды қорғау жұмыстарын жүргізу, ЕҚТА жерінде және аңшылық апқаптарда аң – құстарды аулауға жол бермеу, орман және аң аулау ережелерінің заң бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау жұмыстарын жүргізу.
Тәуелсіздік күні
- Толығырақ
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс 2013 жылдың желтоқсан айының 13 күні мекемеде салтанатты түрде аталып өтті. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, құттықтау сөздер айтылды. Тәуелсіздік мерекесіне арнап, бейне түсірілім дайындалып, көрсетілді. Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Н.Жұмағұлованың «Тәуелсіздік мерекесі» атты тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Б.Спанов «Тәуелсіздік тұғырым» атты өзі шығарған өлең шумақтарын оқыды.
«Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың әлеуеті мен келелі мәселелері» атты семинар
- Толығырақ
2013 жылдың 9-желтоқсан күні болған «Индустрияландыру» күні қарсаңында 2013 жылдың 18-22 қараша аралығында туризм апталығы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың әлеуеті мен келелі мәселелері» тақырыбында өткізілген семинар кеңесі өтті. Бұл семинар кеңеске Туризм, рекреация және экоағату бөлімінің бастығы Н. Жұмағұлова қатысты.
Президент күні
- Толығырақ
2013 жылдың қараша айының 29 жұлдызында 1 желтоқсан «Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиналысы өтті. Жиналыс мемлекеттік Әнұранды орындаумен ашылып, мекеме басшысы Б.Мошқаловтың құттықтау сөзі тыңдалды. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Е. Төлемістің мерекеге арналған «Бірінші Президент мерекесі – халықтық мереке» атты тақырыпта доклады тыңдалды. Сондай – ақ, ғылыми қызметкер З. Орынбеков пен экоағарту маманы М.Маликованың Елбасыға аралған өлең шумақтары тыңдалды. Сонымен қатар, бас мекеме және филиал қызметкерлері Бас директор Б.Мошқаловтың және ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Б.С.Қуандықовтың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Менің туған өлкем атты туристік фестивалі
- Толығырақ
2013 жылдың қазан айының 10 күні Оңтүстік Қазақстан облысының Туризм басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің туған өлкем» туристік фестивалі өтті. Фестивалға Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі қатысып, сертификатпен марапатталды.







