Омыртқасыздар бойынша далалық зерттеу жұмыстары

Сырдария-Түркістан МӨТП-нің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың маусым айындаТүркістан филиалына омыртқасыздар бойынша коллекциялар жинау мақсатында қызметтік іссапарға барды. Жалпы омыртқасыздар бойынша 35 түрден 240 дана омыртқасыздар коллекцияға алынды. Партың Қызылшаруа орманшылығынан табылған Нағыз қалқаншалы қандала (Brachynema Purpureomarginatum Triguttatum fieber, 1870) ұқсас жәндік Балтакөл орманшылығынан, мия өсімдігінен 2 экземплярда табылды.

Толығырақ...

Далалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14-16 күндері аралығында өңірлік парктің қызметкерлері Сырдария филиалына омыртқасыздар бойынша ғылыми жұмыстардың жетекшісі б.ғ.д. П.А. Есенбековамен омыртқасыздар бойынша коллекциялар жинау мақсатында барды. Далалық зерттеу жұмыстары барысында Байырқұм орманшылығы және Отырар орманшылығы территорияларында жұмыс жүргізілді. Энтомологиялық коллекция жинау барысында төмендегідей омыртқасыздар кездесті.

Толығырақ...

Микроскоптармен майда омыртқасыздар анықталды

Өңірлік табиғи парктің бас мекемесінде орналасқан Ғылым,ақпарат және мониторинг бөліміне бекітілген лобарорияда омыртқасыздар бойынша ғылыми жұмыстардың жетекшісі б.ғ.д. П.А. Есенбековамен далалық іссапар барысында жиналған омыртқасыздарды камералық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Микроскоптармен майда омыртқасыздар анықталды. Жинақталған омыртқасыздарды отрядтары бойынша бөліп коллекция жинақталды.

Толығырақ...

Ботаника және фитоинтродукция институтының 85-жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференциясында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» мақалалары жарық көрді

Қазақстан Республикасының Алматы қаласында 2017 жылдың 17-19 тамыз күндері Ботаника және фитоинтродукция институтының 85-жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференция  «ИЗУЧЕНИЕ, СОХРАНЕНИЕ И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ РАСТИТЕЛЬНОГО МИРА ЕВРАЗИИ» атты  конференциясы өтті. Осы аталған конференцияның ғылыми жинағында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркінің» ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкері А. Тажиеваның  «Материалы к флоре Боралдайских гор Сырдарья-Туркестанского Государственного Регионального природного парка» тақырыбында ғылыми мақалалары жарық көрді.

Толығырақ...

Конституция күні!

Қазақстан Республикасының 30 тамыз «Конституция күні» мерекесі 2017 жылдың 29 тамыз күні мекемеде салтанатты түрде аталып өтті.

Толығырақ...

"Табиғатты сүйеміз - Қазақстанды сүйеміз"

Ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күндері өңірлік табиғи парктің аумағында "Технодом Оператор" АҚ-ның өкілдері ұйымдастырған "Табиғатты сүйеміз - Қазақстанды сүйеміз" атты эко-жорық іс-шарасының өткізілді.

Толығырақ...

«Астана күні – Астана қаласының 19 жылдық мерекесі»

Астана күні - Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі. 2017 жылы Отанымыздың жүрегі, маңызды шешімдердің және егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің ұстаханасы Астана өзінің 19 жылдығын атап өтуде. «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» қызметкерлері «Астана қаласының 19 жылдық мерекесі» тақырыбында салтанатты жиналыс өткізіліп баяндама оқылды.

Толығырақ...

Қостанай қаласында ІІІ Халықаралық конференциясында ғылыми мақала жарық көрді

Қазақстан Республикасының Қостанай қаласында 2017 жылдың 24-27 сәуірі күндері «Азия далаларындағы биологиялық әртүрлілік» атты ІІІ Халықаралық конференциясы өтті. Осы аталған конференцияның ғылыми жинағында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркінің» ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Е.Төлеміс, М.Наровтың «Боралдайтаудың реликті (көне) өсімдіктері» тақырыбында ғылыми мақалалары жарық көрді.

Толығырақ...

Археологиялық қазба жұмыстары

Өңірлік табиғи парк аумағындағы Боралдай филиалының Төменгі Боралдай бөлімінде Ә.Марғұлан атындағы археология институтының археологтары біздің ғасырымызға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың тұрмыстық қалдықтарын зерттеуде.

Толығырақ...

Өңірлік парк аумағындағы шетелдік туристер

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында, Төменгі Боралдай бөлімінде Қытай халық Республикасынан шетелдік туристер келіп демалуда. Құрылғанына небәрі төртінші жылға қадам басқан жас парктің ғаламтор желілері және өзінің ресми сайты арқылы шетелдік туристердің қызығушылығының арттырғаны қуантарлық жағдай. Қытайлық Коу Шо Фын, Пай Ли Шин, Ван Жи, Су Че Фан есімді туристер өңірлік парктің табиғаты мен ұсынылған қызмет түрлеріне жоғарғы баға беріп, өз пікірлерін жазды.

Толығырақ...