Өңірлік табиғи парк тарапынан «Мейірімді табиғат» атты ағаш отырғызу акциялары өткізілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Түлкібас аудандарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін отбасылар, жастары егде тартқан, ауруы немесе мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын азаматтардың жеке тұрғын үйлерінің аулаларына 10 данадан жеміс ағаштарының көшеттері отырғызу бойынша ағымдағы жылдың 19-24 қараша күндері «Мейірімді табиғат» атты акция өткізілді.

Толығырақ...

"ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН"

15-17.11.17ж. күндері облыстық Бейнелеу өнері музейінде "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында ОҚО әкімдігінің тапсырмасының негізінде, облыстық білім басқармасының қолдауымен "Экологиялық орталық" МКҚК мен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» ұйымдастыруымен "Табиғат әлемі балалар көзімен" облыстық байқауы өтті.

Толығырақ...

Экологиялық дәріс

Ағымдағы жылдың 7 – 9 қараша күндері Сырдария және Түркістан филиалдарына мектеп орманшылығы мүшелеріне экологиялық дәріс оқуға мекеменің экологиялық ағарту маманы Халикова Гаухар барды.

Толығырақ...

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі туризм саласын дамыту мақсатында «OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық және инвестициялық форумының көрмесіне қатысты

«Қазақстанның Жібек жолымен саяхат» атты фестиваль аясында осы жылдың 15-16 қарашасы аралығында Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық және инвестициялық форумы өткізілді.

Толығырақ...

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» тұқымбағындағы бұқар бұғыларының басы 146 басқа жетті

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалындағы бұқар бұғыларының тұқымбағы, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, киелі Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына, осы киелі Түркістан жерін, орман тоғайын сұлуландырып, жануарлар әлеміне ерекше гүлдендірер сипат әсем түр келбет беретін, Бұқар бұғыларын көбейтіп, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 8 (сегіз) бас Бұқар бұғысын сыйға тартуымен ұйымдастырылған болатын. Бұқар бұғысы 1950 жылдарға дейін Сырдария өзенінің жайылмасындағы тоғайларда тіршілік етіп, антропогендік факторлардан жойылып кеткен. Жануарлардың бұл түрі Қазақстанның және Халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітаптарына енген.

Толығырақ...

Ұлыбритания, Шеффилд қаласыда 30 наурызбен 14 ақпан күндері аралығында өткен XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» мақаласы жарық көрді

Ұлыбритания, Шеффилд қаласыда 30 наурызбен 14 ақпан күндері аралығында өткен XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» мақаласы жарық көрді.

Толығырақ...

Өңірлік табиғи парктегі орманды молайту жұмыстары

Өңірлік табиғи парктің 2017 жылға арналған индикативтік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында 77 га жерге мәдени екпе себу жұмыстары қарастырылған. Бүгінгі таңда, аталған жерге себуге қажетті сексеуіл тұқымын жинау науқанына дайындық жүргізіуде.

Толығырақ...

Сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар

Бас мекеменің 25.09.2017 жылғы №70 і/с бұйрығын басшылыққа алып, ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мамандары сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Отырар аудандық ішкі істер қызметкерлерімен бірлескеп рейд жүргізіп, кесім түзілді. Заң бұзушылық оқиғалары анықталған жоқ.

Толығырақ...

Боралдай тауының ауа-райы көрсеткіштерін анықтау жұмыстарын жүргізу

ҒАМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.Наров ағымдағы жылдың 02-04 қазан күндері Боралдай филиалына Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі б.ғ.к., О.Купряновпен бірге бірлесіп, ауа температурасын өлшеуге арналған термохрон құрылғылардың көрсеткіштерін алу және өсімдіктердің түрлерімен жұмыс жасауға байланысты, тәжірибе алу мақсатында жұмыс жүргізді.

Толығырақ...

Мирас университетінің студенттеріне «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау» жөнінде лекция оқылды

Шымкент қаласындағы Мирас университетінің студенттеріне және университет мұғалімдеріне, парктің ғылыми қызметкерлінің қатысуымен «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау» жөнінде ағымдағы жылдың 5 қазан күні Ресейдің Кемеров қаласындағы Кузбасс ботаникалық бағының ғылыми қызметкері, б.ғ.к., О.Купрянов лекция оқыды. Бұл тақырып бойынша биологиялық алуантүрлілікті сақтау жолдары және өңірлік парктің аумағындағы зерттеу жұмыстарының барысы, істелініп жатқан ғылыми жұмыстардың нәтижелері айтылып өтілді.

Толығырақ...