Сыры ашылмаған Боралдай шатқалы зерттелуде
- Толығырақ
- Құрылды 29.08.2016 18:00
Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Б.Байтанаевтың жетекшілігімен археологтар өңірлік паркке қарасты Боралдай филиалының Төменгі Боралдай шатқалындағы осы күнге дейін зерттелмеген үңгірлерге археологиялық зерттеулер жүргізуде.
Өңірлік табиғи парктің аумағында бұқар бұғысының басы көбеюде
- Толығырақ
- Құрылды 29.08.2016 16:00
2013 жылы Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қайта құрылған соң, бұқар бұғысының тұқымбағы жаңадан құрылған Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қарамағына берілді. Тұқымбақтың тормен қоршалған аумағының ауданы 20 га болса, бір жағы қоршалған екінші бөлігінің ауданы 322 га. Он жылдан астам уақыт жануарлардың Сырдария өзенінің жайылмасындағы арнайы құрылған тұқымбақта жерсініп, бейімделуіне және олардың санының бірте-бірте көбейіп, бастарының рекордтық санға жетуіне мамандардың көп еңбектері жұмсалды.
Ресей Федерациясында өткен халықаралық конференция
- Толығырақ
- Құрылды 19.08.2016 11:38
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы Боралдай филиалының орман қорғау инженері Ш.Жолдасовпен бірге 1-8 тамыз күндері аралығында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында өткен Орталық сібір ботаникалық бағыны 70 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты. Өңірлік парктің бас директоры Б. Мошқалов Сырдария-Түркістан мемлкеттік өңірлік табиғи паркінің 2013-2015 жылдар аларылығындағы биоалуантүрлілікті зерттеу жұмыстарының нәтижелері тақырыбында баяндама жасады.
Өңірлік парк аумағында «Ақжелкен» су жарысы өтті
- Толығырақ
- Құрылды 29.07.2016 09:47
Ағымдағы жылдың 28 шілде күні Сырдария филиалына «Ақжелкен» - «Эксарт-2016» экологиялық экспедициясының «Шымкент-Байырқұм көпірі-Шәуілдір көпірі-Шымкент» бағыты бойынша жүзіп өту жарысы өтті.
Өңірлік парктің тұқымбағында кәдімгі пістеде бүршіктелу жүргізілді
- Толығырақ
- Құрылды 26.06.2016 19:08
Кәдімгі пісте ағашы Қазақстанда Қызыл кітапқа енген. Ол екі үйлі өсімдікке жатады, яғни аталығы бөлек, аналығы бөлек ағашта болады.
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің үш жылдық ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне арналған дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Құрылды 07.06.2016 16:05
2016 жыл 3 маусымда облыс әкімдігінің ғимаратындағы конференц залда қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «2013-2016 жылдары Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің жүргізілген ғылыми жұмыстарының нәтижелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға қойылған шектеулерге сәйкес орманды браконьерлерден қорғау жұмыстарын ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Құрылды 26.05.2016 08:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №25-03-01/82 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесіне» сәйкес 2016 жылдың мамыр айының 23-24 күндер аралығында бас мекеменің 20.05.2016 жылғы № 37 і/с бұйрығымен ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің мамандары Сырдария филиалының аумағында мекендейтін аң құстарды және де Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, жойылып кету қаупі бар, басқа да аңшылық маңызы бар аң-құстардың есебін филиал мамандарымен бірлесіп жүргізді. Сонымен қатар парк аумағында сұғанақтықтың алдын алу болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырды.
Өрттің алдын алу шаралары
- Толығырақ
- Құрылды 19.05.2016 08:37
Өрт қаупі бар маусым айының басталуына байланысты мекеменің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Е.Оңғаров Сырдария филиалының Байырқұм, Тақыркөл, Отырар және Шардара орманшылығының және Түркістан филиалының Шәуілдір, Қызылшаруа және Балтакөл орманшылықтарының орманшылары мен инпекторларына өрт қауіпі бар маусымға байланысты қызметкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау туралы дәрістер оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың орындалуын өңірлік паркітің тиісті мамандары өз саласында қадағалап жүзеге асыруға міндетті болып табылады.
Өңірлік табиғи паркте өрт қауіпті маусымға толық дайындық жасалған
- Толығырақ
- Құрылды 12.05.2016 18:00
Облыс әкімі Б.Атамқұловтың жетекшілігімен және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Бадам орман шаруашылығының аумағында «Созылмалы орман және дала өртін сөндіру тақырыбында оқу-жаттығу өткізіліп, өрт сөндірушілердің дайындығы пысықталды».