«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Тоғай көркі-Тораңғыл, судың көркі - Сырдария» атты сайыс

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Арыс қаласы, Байырқұм көпірі, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Сырдария филиалына қарасты Байырқұм орманшылығы, балықшылар ауылында  «Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы өтті.

Толығырақ...

Өңірлік парктің аумағындағы кездесетін аң-құстарға көктемгі санақ жұмыстары жүргізілуде

Өңірлік парк аумағында мекендейтін жануарлардың есебі (мониторингі) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы 25-03-01/82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес филиал аумақтарында көктемгі санақ жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ...

Хабарландыру

Толығырақ...

Филиал қызметкерлерінің біліктіліктері пысықталды

Өңірлік табиғи парктің 2016 жылдың 22 ақпандағы «Өңірлік табиғи парктің  мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №18-ө санды бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 13,14 және 19 сәуір күндері өңірлік табиғи паркке қарасты Боралдай, Сырдария және Түркістан филиалдары қызметкерлерінің (оның ішінде филиал директорлары, директор орынбасарлары, барлық санаттағы инженерлер және орманшылар мен орманшы көмекшілері) біліктіліктерін тексеру үшін техминимумдар өткізілді.

Толығырақ...

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бірыңғай акциясы аясында ЕҚТА жерлерінде ағаш отырғызу іс шаралары өткізілді. Бас мекеменің ауласында 70 түп ағаш көшеттері (оның ішінде 20 түп алма, 20 түп өрік және 30 түп туя) отырғызылды. Боралдай филиалының Теректі бөлімінде 120 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Сырдария филиалының Тақыркөл орманшылығында 120 түп қарағаш, 30 түп үйеңкі, 10 түп туя көшеттері отырғызылды. Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығында 70 түп қарағаш, 30 түп туя көшеттері отырғызылды.

Толығырақ...

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылы, Теректі демалыс аймағында  «Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы өтті.

Толығырақ...

Кәдімгі пістенің гендік қорын молайту жұмыстары жүргізілуде

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» ҒАМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері Наров М. Боралдай филиалына б.ғ.к. Николай Евгеньевич Зверевттің Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтродукция институтының Ботаника бағынан алып келгенҚазақстанның Қызыл кітабына енген кәдімгі пісте ағашының сортты көшеттерін жабық тамырлы әдіспен-контейнерде өсірудің технологиясын ғылыми-тәжірибе ретінде Боралдай филиалында тұқымбаққа егу жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ...

Өрт қауіпті маусымға дайындық айлығында атқарылған іс-шаралар

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы 16 ақпандағы «2016 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №6 санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 16 ақпандағы «2016 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №16-Ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу мақсатында 2016 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы, ал 1 сәуір  мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілді.

Толығырақ...

Парктер шеруі-2016 «Құстарға қамқор болайық» атты акциясымен жалғасты

Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Халықаралық құстар күні мерекесіне орай «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-мен Шымкент қаласында Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте  Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірге «Құстарға қамқор болайық» атты іс-шара өтті.

Толығырақ...

«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Отырар ауданы, Ә.Байтанаев негізгі орта мектебінде «Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Толығырақ...