Өңірлік парктің аумағында өсіп тұрған өсімдіктер флорасы бойынша далалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың сәуір  айының 24-27 күндері аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлерімен  бірлесіп тәжірибе алмасу мақсатында , өсімдіктер  флорасы бойынша далалық зерттеу жұмыстарын  жүргізуге және  ерте гүлдеп жатқан, өсімдіктердің гербариін жинау, мақсатында Боралдай филиалына бас мекеменің қызметкерлері барды. Теректі шатқалы  №2-ші айналым 46 орамда Қысмоласай  шатқалына бардық. Орналасқан жерді GPS приборы арқылы координаттары алынды. Шатқалдың кей жерлерінде әлі де қар жатыр, қарқың еріген жерлерінен алатау бәйшешегі гүлдеп тұр, Кауфман қызғалдағының қауымдастығы тіркелді бір шаршы метрде шамамаен 12-15 дана. Кауфман қызғалдағының ерекше қызыл түсті экземпляды суретке түсіріліп, гербарийге алынды.

420 58/ 94,8//

700 01/ 052//

h= 1175м

Қызыл кітапқа енген  Көкшіл шиқылдақ гүлінің тығыз орналасқан алаңдары теңіз деңгейінен 1201 м  тасты беткейде тіркелді,  бір шаршы метрде шамамаен 15 дана, он шаршы метрде шамамен 40-50 дана.

Тікжолсай №2 айналым 42 орам,  Қызыл кітапқа енген Юнона орхидная жол бойында өсіп тұрған жері, регель алмұрты тіркелді координаттары  

430 00/ 79,6//

0700 01/ 73,6//

h= 998 м

Грейг қызғалдағының тығыз орналасқан қауымдастығының координаттары алынды он шаршы метрге 55-65 дана,

430 00/ 823//

0700 02/ 307//

h= 1026 м

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту