"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін облыс аумағында насихаттау бағытында өткізілетін іс-шаралар тізбесіне" сәйкес аталған іс шара барысында ЭКСПО эмблемасының көрінісімен флешмоб ұйымдастырылды

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің 2017 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жыл сайын ұйымдастырылатын "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясының "Қызғалдақтар күнін" Боралдай филиалының "Теректі" демалыс аймағында өткізілді. Сонымен қатар ОҚО әкімінің орынбасары Б .Жамаловпен бекітілген "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін облыс аумағында насихаттау бағытында өткізілетін іс-шаралар тізбесіне" сәйкес аталған іс шара барысында ЭКСПО эмблемасының көрінісімен флешмоб ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні өткізілген табиғат қорғау іс шарасы ІІІ кезең бойынша:

І-кезең Табиғат аясында Жарықбас ауылы және Бәйдібек ата ауылының мектеп оқушыларымен "ЭКСПО 2017" белгісінде флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа "ЭКСПО" жазуына 64 оқушы, жетекшілік еткен Л. Өтешов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К. Иманбердиев ,"2017" белгісіне 52 оқушы, жетекшілік еткен Алмалы жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық сабақтарының мұғалімі С. Оспанов, "Смайлик" белгісіне облыстық экологиялық орталығының белсенді оқушыларынан 17 оқушы, жалпы 133 оқушы қатысты. Оқушылардың табиғат аясында өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеудің алдын алу мақсатында жергілікті медицина орталығынан медбике А. Елемесова және полиция бөлімшесінен сержант Н. Омаровтар қатысты. Флешмоб соңында қатысушы оқушыларға тағамдар ұсынып, арнайы автобуспен мектептерге тасымалданды.

ІІ-кезең  "Парктер шеруі 2017" табиғат қорғау аясында Бәйдібек ауданы Л. Өтешов атындағы жалпы орта мектептен 5 оқушы, жетекшілік еткен биология пәнінің мұғалімі Б.Тұрғанбекова, Алмалы жалпы орта мектебінен 5 оқушы, жетекшілік еткен Г. Найманбай,  Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінен 5 оқушы жетекшілік еткен С. Сулейменова және облыстық экологиялық орталығының белсенді оқушыларынан 5 оқушы, жетекшілік еткен М.Керімбеков  жалпы 4 команда өз ара сайысты. Сайыс шарттары бойынша

1) кезең бойынша:  Сәлемдесу

2) кезең бойынша: Өнер сайысы

3)кезең бойынша: "ЭКСПО 2017" эмблемасы бейнеленген макеттер сайысы.

Қатысушы командалар барлық кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетіп, әділ қазылар алқасы барлық сайысты қорытындылай келе І орынды

Алмалы  атындағы жалпы орта мектепке, ІІ орын облыстық экологиялық орталығына, ІІІ орын Л. Өтешов атындағы жалпы орта мектебіне берілді.

Сайыс соңында жүлделі командалар сыйлықтармен марапатталып, мектеп директорларына алғыс хаттар тапсырылды.

ІІІ кезең Дәстүрлі кезең ретінде, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеде: құрт жасау, таба нан жабу, күбі пісу, ұршық иіру, құрақ құрау, көже, бауырсақтар пісірілді. Қазақы нақышта тұсау кесер рәсімі көрсетілді. Сонымен қатар, Боралдай филиалының Теректі демалыс аймағының көлемі ұлғайып жаңа демалыс аймағы қосылды. Өңірлік парктің аумағына жаңа стандартқа сәйкестендірілген бақылау-өткізу бекеті орналастырылды.

"Парктер шеруі 2017" табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған іс шарада жалпы 160 адам қатысты. Аталған іс шараға қонақ ретінде ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы орынбасары А.Алпамышев,аудандық маслихаттың депутаттары А. Жақияұлы мен Б. Оңғарұлы қатысты. Бұхаралық ақпарат құралдарынан Айғақ телеканалы,Қазақстан-Шымкент телеарнасы, Оңтүстік рабат телеканалы және "Рабат" газеті, "Южный Казахстан" республикалық газеті, Туран ТВ республикалық телеканалдарының тілшілері қатысты.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту