Өңірлік табиғи паркте өрт қауіпті маусымға толық дайындық жасалған

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Ордабасы ауданында Қайнар ауылында «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан 252 га орман қоры жерінің маңында ОҚО әкім орынбасары Б. Жамаловтың қатысуымен, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасына қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөнінде тактикалық оқу жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Осыған орай Сырдария-Түркістан мемлекеттік өнірлік табиғи паркіне қарасты Боралдай, Сырдария, Түркістан филиалдарынан 10 адамнан жеке құрам құрылып, онын ішінде ОӨСС шеберлері, инженер-механиктер және өрт жасақшылары қатысты.

Мекемеден бұл жаттығуға 1 дана өрт сөндіру автокөлігі, 1 дана -авкөлік УАЗ (таблетка), 1 дана –автокөлік УАЗ ПАТРИОТ, 1 дана-трактор соқасымен, 1 дана - трактор УПП цистернамен 23 дана- хлопушка, 13 дана - ОВР18, 5 дана- моторлы ауа үрлегіш, 17 дана- шелек, 1 дана- мотопомпа, 10 дана –мобильді рация, 7 дана- балта, 20 дана -өрт күректер, 2 дана- өрт жені 77, 6 дана - жататын шатыр және басқа құрал-саймандар жіберілді.

Жалпы тактикалық оқу жаттығудың ұйымдастырылуы және денгейіне жақсы баға берілді.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту