Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ғылыми жұмыстарының нәтижелері және жаңа бағыттары бойынша дөңгелек үстел өткізді

Ағымдағы жылдың 9 маусымы күні өңірлік табиғи парктің бас ғимаратында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ғылыми жұмыстарының нәтижелері және жаңа бағыттары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бас директорының орынбасары, Асқаров Мүбәшірхан Әбдірашұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Баймұратов Бекназар Алдашұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, Кузбасс ботаникалық бағының меңгерушісі Куприянов Андрей Николаевич, биология ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік университеті, ботаника кафедрасының ғылыми қызметкері Эбель Александр Леонович, биология ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері Лащинский Николай Николаевич, Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі Куприянов Олег Андреевич, биология ғылымдарының кандидаты, Кузбасс ботаникалық бағының лаборанты Хрусталева Ирина Артуровна, биология ғылымдарының кандидаты, Самара қаласы, «Экотон» табиғат қорғау зерттеу зертханасының меңгерушісі Шовкун Дмитрий Федорович, ҚР ҰҒА академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, биология ғылымдарының кандидаты, «Ботаника және фитоинтродукция» институтының аға-ғылыми қызметкері Шорманова Айжамал Абдырайымқызы, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, М.Ауезов атындағы ОҚМУ-нің халықаралық байланыс және ғылым жөніндегі проректоры Сатаев Марат Исакович, биология ғылымдарының кандидаты, Мирас университетінің оқытушысы Сапарбеков Әбдірахман, биология ғылымдарының кандидаты, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бойынша орынбасары Сақауова ГүлжаҺан Батиқызы, Оңтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Қыстаубаев Алатау-Балқаш, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сихимбаев Әмірбек Елтайұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Жарылқапов Исабек, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Тажиева Айгерім Дархановна, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің кіші ғылыми қызметкері Төре Нурила Джауынбаевна қатысты. Сонымен қатар "Отырар", "Айғақ" телеарналарының журналистері, «Южный Казахстан» газетінің тілшілері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде 2013-2016 жылдардағы жүргізілген ғылыми зерттеу жүмыстарының нәтижелерін сараптап және талқылап, алдағы кездегі атқарылатын ғылыми жұмыстардың жаңа бағыттарын белгілеу.

Дөңгелек үстелдің отырысын ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Б. Отаршиев кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысына белсенділікпен қатысуға шақырды.

Өңірлік табиғи парктің бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Баймұратов Бекназар Алдашұлын «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қазіргі таңдағы ғылыми жұмыстарының нәтижелері және жаңа бағыттары» туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел отырысында «Боралдай тауының биологиялық алуантүрлілігі» кітабының тұсауы кесілді.

Кузбас ботаникалық бағының бөлім меңгерушісі, б.ғ.д, профессор Куприянов А.Н, «Боралдай тауының биологиялық алуантүрлілігі» кітабының мазмұнымен таныстырды. Бұл Қаратаудың биологиялық алуантүрлілігі туралы бірінші кітап болып табылады, экологиялық ағартуда туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелейтін кітап екенін айтты. Сонымен қатар профессор мынандай ұсыныстарды енгізді:

1) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда флораның биологиялық алуантүрлілігін түгендеу жөнінде Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаның қажеттігін айтты. Бұл Қазақстан флорасының жаңа редакциясын жасау жөнінде үлкен көлемде бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік.

2) Үлкен маңызды мәселе-флора мен фаунаны зерттеуге өңірлік паркті білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл үшін университеттермен, ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатып, жетекші ғалымдарды шақыру, ғылыми қызметкерлерді ғылыми тағылымдамадан өткізу қажет.

3) Әрине өңірлік парктің қызметіндегі басты мәселенің бірі туризмді дамыту, ол үшін инфрақұрылымды жасау: кемпингтер салу, шатырлы лагерьлер құру, жолдарды жөндеу, тамақтандыру орындарын ұйымдастыру.

4) Парк жұмысындағы маңызды бағыттың бірі-Қазақстанның оңтүстік аудандарын көгалдандыруға қажетті жергілікті ағаш-бұталарды сынақтан өткізіп, өсіру.

Орталық Сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері б.ғ.д, профессор Лащинский Н.Н, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жерсіндіру (интродукция) жөнінде деректер базасы жасалғанын, олардың плантациясын жасауда 5-7 жыл керек екеніне тоқталды. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу, ресурстарын анықтау маңызды жұмыс болып табылады. Дәрілік шөптерді ботаник ғалымдар шөппен емдеушілермен бірлесіп анықтаған тиімді болатынын айтты.

Томск мемлекеттік ұлттық университетінің ғылыми қызметкері, б.ғ.д, профессор Эбель А.Л, экологиялық соқпақтарды жасап, ғылыми және экологиялық туризмді ұйымдастыру керектігін атап өтті. Студенттер мен оқушылардың далалық практикасын ұйымдастыруға көңіл бөлген дұрыс. Әртүрлі сала бойынша ғылыми қызметкерлерді парктің аумағындағы ғылыми зерттеулерге тартып, парктің ғылыми қызметкерлерінің білімін көтеруге пайдалану керек.

Самара қаласы, «Экотон» табиғат қорғау зерттеу зертханасының меңгерушісі Шовкун Дмитрий Федорович омыртқасыздарды зерттеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын, өңірлік парк аумағында 2015 жылы біршама жұмыс атқарылғанын, биылғы жылы 2 айдың ішінде өңірлік парк аумағында 1000-ға тарта насекомдар жиналғанын, олар лабораторияда арнайы микроскоптар арқылы анықталып, жаңадан табылғаны бұрынғы қорға қосылатынын және бұл бағытта жұмыстар ары қарай атқарылатынын айтты. Өңірлік парк аумағының Боралдай тауынан омыртқасыздардың бұрын кездеспеген 2 түрінің табылғанына, ғылымға 2 жаңалық ашылғанына тоқталды.

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Сақауова Г.Б 2013 жылдан бастап өңірлік табиғи паркпен бірлесіп флорасын зерттеуге қатысып, 476 түрден астам өсімдіктер анықталғанын айтты. Сонымен қатар бұрын орман шаруашылығына қараған жерлер болғандықтан Боралдай тауында өсімдіктердің көп түрі сақталғанын атап өтті. Парктердегі ғылыми қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында жетекші ғалымдарды тартып пайдалану керек. Дәрілік өсімдіктердің тізбесін анықтау жөнінде жұмыстар жалғастырылғаны дұрыс. Флора мен фаунаны зерттеу бойынша студенттерге практика, сабақтар өткізуді кеңінен қолға алу қажет.

Өңірлік табиғи парктің аумағында ғылымды коммерциаландыру үшін тұқымбақтарда жергілікті флорадан көпжылдық сәндік бағалы ағаш-бұталардың көшеттерін тұқымбақта өсіріп, қаланы көгалдандыру мақсатында енгізуді ұсынды. Сондықтан жабайы ағаш- бұталардың ішінен сәндік формаларын іздеп, өсіру керек.Долананы дәрілік шөп ретінде пайдалануды, одан әлемде қолға алынбаған тосап (варенье) шығару жолын қарастыруды, ғылыми-зерттеулердің кешенді бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Оңтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Қыстаубаев А.Б., дәрілік өсімдіктердің қорын анықтау қажеттігін айтты, нәтижеде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті арқылы дәрілік өсімдіктерді дайындаудың лимитін бекітуге мүмкіндік болып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда мемлекеттік орман қоры жерінен тыс жерлерде дәрілік өсімдіктер дайындалуда.

Ботаника және фитоинтродукция институтының аға-ғылыми қызметкері, б.ғ.к, Шорманова А.А, дәрілік және басқа да техникалық өсімдіктердің қорын анықтау жұмыстарын жүргізе алатынын хабарлап, бұл жөнінде бірлесіп жұмыстар жүргізуге ұсыныс жасады.

М.Ауезов атындағы ОҚМУ-нің халықаралық байланыс және ғылым жөніндегі проректоры, т.ғ.д, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Сатаев Марат Исакович Ресейдің, Қазақстанның ғалымдарының Қаратаудың флорасын зерттеудегі атқарған нәтижелі жұмыстарына ризашылығын білдірді. Бұл бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізуді жалғастыру қажет деп есептейтінін, өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу жөнінде гранттар бойынша жұмыстар жүргізуді қолға алуды ұсынды.

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Б.А.Байтанаев парктің Боралдай филиалында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының барысы туралы хабарламалар жасады.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Б.М. Мошқалов дөңгелек үстелдің жұмысын қорытып, бұл жұмыстың екінші рет ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. Өңірлік парктің флорасы мен фаунасын зерттеуге үлес қосқан Ресей мен Қазақстанның ғалымдарына ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Өңірлік парк төртінші жыл ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, алдағы кезде айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстардың жалғаса беретініне тоқталды.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту