Студенттер іс-тәжірибеде

2017 жылдың маусым айында Академиялық Инновациялық Университетінің (АИУ) университетінің «Ғылыми биология» мамандығының 30 студенті және жетекшілері өңірлік табиғи парктің Боралдай филиалында іс-тәжірибеден өтті. Студенттер бас мекемеде техника қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Студенттер өңірлік парктің құрылу тарихи, жер көлемі, филиалдар мен бөлімдер туралы және олардың қызметімен толықтай танысып, парк аумағында ұйымдастырылған 4 туристік маршрут пен 3 туристік соқпақ туралы ақпарат алды.

Іс – тәжірибе барысында студенттер Боралдай филиалындағы №2 «Тұра жартасы» және № 3 «Шұқыршақ сарқырамасы» туристік соқпағы мен №4 «Аяқ сүңгі» және №5 «Орта сүңгі» туристік маршруттарын толықтай жүріп өтіп, Биологтар сол маңайдағы өсімдіктерден гербарий жинады. Және де студенттердің жетекші мамандары дәрілік өсімдіктердің көптеп кездескенін айтып кетті.

Студенттер естелікке фотосуретке түсіп, жабайы табиғатты тамашалады.

Дала практикасы барысында студенттер жақсы әсер алды.

Комментарий қосыңыз

Защитный код
Жаңарту